Шашты жылдам өсірудің 3 тәсілі

Ғалымдардың зерттеуінше, неғұрлым шаш ұзын болса – соғұрлым әйелдің нәзіктігі артады екен. Олай болса, шашыңызды өсіріңіз. Қалай? Фильмдерден, клиптерден шашы қысқа үнді қызын көргенсіз бе? Жоқ! Олардың бәрінің шашы ұзын. Өйткені, олар осы үш әдісті қолданады. Шаш өсіру үшін сіз де пайдаланып көріңіз. Гүлді өсіру үшін оған күтім жасау керек. Дәл сол сияқты шашты өсіру үшін де оған арнайы көңіл бөлген дұрыс. Бұл тұрғыда гүлге қажетті суды шашқа арналған нәрлендіргіш маскаларға теңеуге болады. Осы орайда үнді қыздарының шаш өсіруде қолданатын әдістерімен таныс болыңыз.

БІРІНШІ ӘДІС:

Үнді қыздары шашқа арналған алма сірке суынан әзірленген рецепті ұдайы қолданады екен. Алма сірке суының шашқа пайдалы екені көп айтылып та, жазылып та жүр. Алма сірке суы шашта қалып қойған сусабынды тазалап шаяды, тез қайызғақталатын бас терісін емдейді, шашты жылтыратады және көлем береді. Сонымен қатар, шаштың түсуін тоқтатады. Керекті заттар: алма сірке суы, гүлшетен (розмарин) майы (қара түсті шаштарға), түймедақ майы (ашық түсті шаштарға) қақпағында шашыратқышы бар бөтелке, таза су. Дайындау тәсілі: 1/4 стақан алма сірке суы, 1 стақан су, 7-8 тамшы эфир майын қосып араластырыңыз. Қолдану: Душта тұрып, басыңыздың терісіне дайындалған араласпаны шашыңыз. Көзіңізге тигізіп алмаңыз. Жақсылап шашқа сіңіру керек. Содан кейін шашыңызды әдеттегідей сусабынмен жууға болады. Әр шаш жуар кезде осы тәсілді қолданыңыз. Араласпа артылып қалса, оны тоңазытқышта сақтаңыз.

ЕКІНШІ ӘДІС:

Үнді қыздары алма сірке суымен шаш шаюмен қатар, апта сайын мынандай масканы қолданады екен. Бұл маска шашыңызды жылдам өсірумен қатар жібектей етеді. Қажеттілер: 2 дана жұмыртқаның сарыуызы, 1 шай қасық бал және жарты шай қасық алоэ шырыны. Қолдану: Барлығын араластырып, құрғақ шашқа жағу керек. Жылы орап, 30 минуттан соң шаясыз.

 

ҮШІНШІ ӘДІС:

Ең қарапайым әдіс – аспиринді езіп, азырақ сусабынға араластырып, шашыңызды жусаңыз, шаштың түсуін тоқтатып өсіреді.

Яндекс.Метрика