Жүктілікке және босануға байланысты демалыстың берілу тәртібі қандай?

Жүктілікке және босануға байланысты демалыс жәрдемақысы қанша күн үшін төленеді? Күнтізбелік пе әлде жұмыс күні есебімен бе? Төлеу, Қобда ауданы.

Егер республика заңдарында өзгеше белгіленбесе, әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты ұзақтығы босануға дейін күнтізбелік жетпіс күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты (қиналып босанған немесе екі немесе одан да көп бала туған жағдайда жетпіс) күнге дейін демалыс беріледі (Еңбек кодексінің 193-бабы). Демалыстар жеке-жеке, бөліп-бөліп емес, жиынтықтап есептеледі. Босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына, жұмыс берушідегі жұмысының ұзақты-қысқалығына қарамастан толық беріледі және жиынтығы 126 күнтізбелік күн үшін бірден төленеді. Оның сыртында әйелге қалауы бойынша жүктілікке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тікелей одан кейін не балаға күтім жасауға арналған демалыс біткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі (192-бабы). Жаңа туған баланы асырап алған қызметкерлерге (ата-ананың біреуіне) баланы асырап алған күннен бастап және бала туған күннен елу алты күн өткенге дейінгі кезеңге демалыс беріледі (194-бабы).

Жүктілікке және босануға байланысты, сондай-ақ жаңа туған балаларды асырап алған қызметкерлерге берілетін демалыстар заңдылыққа өзгерістер енгізілгенге дейін жұмыс берушінің есебінен төленіп келген болса, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлемді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыруда.
Серік Жолдыбай, Ақтөбе облыстық соттың бас маманы
Ақпарат көзі: Ақтөбе газеті

Ұқсас мақалалар

Толғақ қысқанда не істеу керек?

Брэкстон-Хикс толғағы деген не?

Босанатын күнді алдын ала анықтауға бола ма?

Жасанды толғақ деген не?

Босанғаннан соң ауыр зат көтеруге бола ма?

Кесар (кесарево) тілігінен соң табиғи жолмен босануға бола ма?

Бойға баланың бітуі қалай жүреді?

Comments 11

  • Сәлеметсіздер ме? Менің жеңгем 3 сәуір- «Президентті сайлау» күні босанған болатын. Оған сыйлық беріле ме? Жауап күтем.Рахмет!!!

  • Сәлеметсіздерме? Қазіргі кездегі жаңа туған балаға берілетін Президенттік ақша (разовый)қанша? Ол ақша көлемі екінші балаға да сондай төлене ма?

  • Сәлеметсіздерме! Қазір бірінші туылған балаға берілетін ақша қанша?

    • бірінші, екінші, үшінші балаға – 30 айлық есептік көрсеткіш;
      төртінші және одан кейінгі балаларға – 50 айлық есептік көрсеткіш;

      Бір айлық есептiк көрсеткiші 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1 512 теңге. Сонда бірінші бала үшін 45 360 теңге аласыз.

  • Салеметсіздерме? Менің сіздерге сұрағым. Естуімше отбасында баланың әкесі әскери қызметкер болса, ана босанғаннан кейін балаға әлеуметтік көмек ретінде ақша төленеді екен. (мат.помощь)Осыған нақты жауап берсеңіздер екен.

  • Салеметсіздер ме? осы сайт ұжымына саттілік тілей отырып,қояр сұрағым: мысалы мен мектепте жұмыс жасаймын. маусым айында кезекті еңбек демалысына шығатын уақыт (отпуск). Ал мен декреттік демалысқа маусым айына жетпей шығады екенмін. Енді сұрайын дегенім сол еңбек демалысына шыға алам ба? отпускной ақшаны ала алам ба?

    • Сәлем! ҚР Еңбек кодексінің 192-бабына сәйкес, жүктілігіне, босануына немесе бала күтуіне байланысты демалысқа шыққан әйелдің демалған уақыты еңбек стажына жазылатындықтан, оның заңда көрсетілген жыл сайын берілетін ақылы еңбек демалысының төлемін алуға құқығы бар. Демек, декретке шыққан соң сіздің де отпусктың (еңбек демалысы) ақысын алуға құқыңыз бар.

Яндекс.Метрика