Кефалогематома жайлы сұрақтар

Кефалогематома, Cephalhematoma
Сұрақ Кефалогематома деген қандай ауру? Белгілері қандай болады?

Кефалогематома — жаңадан туылған нәрестенің бас сүйегіндегі сүйектің бетін жапқан қабат (сүйектің ең үстіңгі жылтыр қабығы) пен жалпақ сүйектердің арасына қан құйылу жағдайы. Мұндай жайсыздықтың кездесу жиілігі 0,3–0,5% құрайды. Кефалогематома бар жерде ісік пайда болады, бірақ ісікті жапқан терінің түсі көп жағдайларда өзгермейді. Кейде қан жиналып қалғанын білдіретін қызыл дақтар пайда болады.

Сұрақ Кефалогематома қалай пайда болады?

Нәресте дүниеге келер сәтте (толғақ кезінде) жүріп өтетін жолында, әсіресе, әйелдің жамбас аймағында бас сүйекке соққы жасалса (соқтығысып қалса), кефалогематоманың пайда болуы мүмкін. Қорыта айтқанда, кефалогематоманың пайда болуына физикалық әрекеттер әсер етеді. Ол туабітті пайда болатын аурулардың қатарына жатпайды.

Сұрақ Кефалогематома жас сәбиге қаншалықты қауіпті?

Бұл жағдайды ауру емес, жайсыздық деген дұрыс болады. Қатты қорқатын ештеңесі жоқ. Сәбидің өміріне қауіп төндірмейді. Кефалогематомасы бар нәрестенің жарақаты жеңіл болса, қан аз кетсе, алғашқы он күннің ішінде ісік (кейде ісіктің болмауы да мүмкін) қайтып, жиналып қалған қан тарай бастайды. Ал егер қан көп кетсе, он күнде тарамаса, оның соңы іріңдеуге айналуы мүмкін. Ондайды болдырмас үшін ертерек әрекет ету керек. Алдымен баланың басын ультра-дыбыстық зерттеуден өткізуге туралы келеді.

Кефалогематоманың қауіпті немесе асқынған түрі сәби денсаулығына кері әсерін тигізеді. Өйткені ондай кезде төмендегідей салдары болуы ықтимал:

  • кефалогематоманың іріңдеуі;
  • қан құрамындағы гемоглобиннің азаюы — қаназдыққа әкеп соғады;
  • сарыауру — көп қан кетіп, оны басқа мүшелер сіңіргенде болады;
  • кефалогематоманың кальцинозға айналуы — қан мен ұлпа сұйықтығындағы кальций тұзының ұлпаға жиналып қалуы;

фото: missheni.blogspot.com

Ұқсас мақалалар

Жұқпалы эритема деген қандай ауру?

Эндометриоз ауруы туралы сұрақтар

Балаларға тән ауруларының жүкті әйелдерге әсері

Жүктілік кезіндегі індеттер мен аурулар

Comments 1

  • баланы калай жасайды? мен турмыска шыккан жокпын сондада билгим келеди.

Яндекс.Метрика