Tag «Қазақы салт-дәстүрлер»

Тұсау кесу (Баланың тұсауын кесу)

Тұсау кесу – бала тәй-тәй басқанда жасалатын думанды дәстүр. Ел арасында «Тұсауы кесілмеген бала көп сүрінеді, жығылады» деген наным бар. Тұсау кесу дәстүрі қыз балаға да, ұл балаға да жасалады. Жақсы ниетті ырымдарға сай шөппен, ала жіппен, малдың тоқішегімен тұсау кеседі.

Құрсақ шашу (Құрсақ той)

Құрсақ шашу немесе Құрсақ той — аяғы ауыр әйелге қатысты қазақы дәстүр. Құрсақ шашу кішігірім той-думан ретінде аталып өтеді. Мақсаты: қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне баса назар аудару. Жас келіннің аяғы ауырлағаны белгілі болғанда оның абысын-ажындары мен енелері (ағайын-туыстар арасындағы үлкен әжелер) жиналып «Құрсақ шашу»

Яндекс.Метрика