Tag «featured»

Көктемнің қиындығы мен қуанышы

Көктемнің алғашқы айы келіп, далада 6 ай қыс жатқан қалың қар ери бастайды. Осындай кезде, балаларын алып, шуағын төккен күннің астында саябаққа серуендеуді әдетке айналдырған ата-аналарын жиі кездестіре бастаймыз. Дегенмен, қуанышымен қатар көктем өз әурешілігін де ала келетіні жасырын емес. Мәселен, көше біткен лайсаңданып, әр жерде жиналған көлшік жұртшылыққа ыңғайсыздық туғызатыны бар. Әсіресе, балалы ата-аналар …

Науқас сәбидің күтімі қандай болуы керек?

Дене қызуы бар ауру сәби

Науқас баланы қалай күту керек екенін әр ана жақсы білуге тиіс. Сырқат, ең алдымен, баланың мінез-құлқына әсер етеді: сәбидің мазасы кетеді, тамақтан бас тартады, қолдан түспейді, бей-жай күйге түседі. Мұндайда оның температурасын өлшеп, төсекке жатқызады да, дереу дәрігер шақырады. Ауырған баланы емханаға апаруға, дәрігер келгенше дәрі-дәрмек беруге болмайды. Баланың іші ауырса, оған айрықша мән беру …

Жүкті әйелдің тіс күтімі қандай болуы керек?

Жүктілік кезінде әйел ағзасында көптеген өзгерістер болады. Осы кезге дейін өзіне ғана арналған дәрумендермен ендігі жерде құрсағындағы сәбиі де ортақтасады. Бұл болашақ ананың бойындағы жетіспеушіліктің орнын қосымша дәрумендерді қабылдауы арқылы ғана толтыра алады. Темір жетіспеушілігі – анемияға, кальцийдің, фтордың, фосфордың аздығы – сүйек пен тістің босауына, шаштың түсуіне алып барады. Біз бұл мақаламызда адам сұлулығының …

Бедеуліктің себебін қалай анықтайды?

Бедеуліктің себебін екі жақты (әйелі мен ерін) бірдей тексеру арқылы анықтайды. Әйелге гинеколог, ал еркек урологқа қаралуы қажет. Еркек бедеулігі перзент сүйе алмай жүрген некелік одақтың 40-50 пайызында кездеседі. Еркекке қажетті тексерулер: 1. Спермограмма — сперманың ферменттілігін анықтау (әсіресе ұрықтануға);

Темекі шегу жатырдан тыс жүктілікке себеп болады

Темекінің зияны көп-ақ: материалдық, моральдық, денсалулыққа байланысты зияндар. Әйелдің немесе еркектің денсаулық жағдайына кері әсер ету арқылы олардың ұрпақ сүю бақытынан айырылуларына себеп болады не болмаса жүкті болу құбылысын қиындатады. Сондай қиындықтардың бірі — жатырдан тыс жүктілік.

Яндекс.Метрика