Tag «Жүктілік»

Жүктіліктің бірінші триместрі

Жүктіліктің бірінші триместрі — алғашқы триместр, жүктіліктің 1-12 апталары, яғни 1-3 айлары аралығын қамтиды. Жүктілік кезеңін үшке бөліп қарастырғанда  «триместр» сөзінің қолданылуы өте орынды. Себебі ол «үштен бір бөлігі» дегенді білдіреді, ал кей жердерде кездесетін «жүктілік тоқсаны» тіркесіндегі «тоқсан» сөзіның мағынасы «төрттен бір бөлігі» дегенді білдіреді.

Жетілмей қалған жүктілік

Жетілмей қалған немесе дамымай қалған жүктілік (орыс.: замершая беременность) — жатырдағы ұрықтың жүктілік барысында дамымай қатып қалып, тіршілік етуін тоқтатуы. Бұл патологиялық жағдайға жатады. Жүкіліктің мұндай сәтсіз түрі алғашқы триместрде (12-13 аптаға дейін) көп болады. Бұрынғы уақыттарда менопаузаға жасы таяп қалған әйелдер көп ұшырасса, қазіргі күндері жиырманың үстіндегі жас келіншектер де ұрынып жатады. Отандық гинеколог мамандардың деректеріне …

45-65 жас аралығында алғаш рет жүкті болатын әйелдерде кездесетін қиындықтар

Израильдің «Тель а-Шомер» медициналық орталығында 2003–2008 жылдары 45-65 жас аралығындағы алғаш рет жүкті болған әйелдерді бақылаған мамандар 45 жастан бастап алғашқы перзентіне жүкті болу әйел мен сәбидің денсаулығына қауіпті деген қортындыға келген.

Жүктілік кезіндегі медициналық бақылаулар

Әрбір жүкті әйел дәрігердің көмегіне мұқтаж. Болашақ баланың денсаулығының дұрыс қалыптасуы үшін ең маңызды кезең алғашқы 12 апта болып табылады. Себебі осы мерзімде сәбиіңіздің өміріне маңызды мүшелері мен жүйелері қалыптаса бастайды. Сондықтан жүктілік белгісі анықталған жағдайда дереу мамандандырылған медициналық мекемеге тіркелуіңіз қажет. Ең бірінші жүргізілген медициналық бақылаулар көптеген қауіптің алдын алуға көмектеседі. Алғашқы қабылдау Алғашқы …

Дененің көлемі мен салмағының өзгеруі

Басы: Жүктілікті әйелдің ағзасындағы өзгерістер Ағзадағы бұл өзгерістерді табиғи және қалыпты деп түсіндіруге болады: әйел өзінің денесінде тіршілік иесін алып жүр. Кейбір әйелдер ұрықтың көлемінің кішкентайлығына қарамастан, жүктіліктің бірінші триместрінде-ақ салмақ қоса бастайды. Неліктен? Бұл ішектердің ісуіне байланысты болуы мүмкін. Гормональды өзгерістер құрсақ аймағының қантамырларының үлкейуіне себеп болады. Бұл ішек қабырғаларының аздап ісінуіне әсер етеді. …

Жүктілік күнтізбесі (қысқаша)

Басы: Жүктілік физиологиясы 10-12 апта: Сәби дамудың жаңа сатысына өтеді – фетальды сатысы. Енді бұл эмбрион емес, тұқым болып келеді («фета» – тұқым). 10-аптаның басында тұқымның салмағы 4 г., ал 12 аптаға қарай оның массасы 13-14 г. болады. Болашақ  сәби диспропорционалды жағынан күрделі болып келеді: оның басы үлкен, қолдары аяқтарына қарағанда ұзындау. Дамудың осы кезеңінде құйрығы …

Жүктілік физиологиясы

Сонымен, сіз жүкті болдыңыз! Ары қарай не болады? Дүниеге келмес бұрын, ұрық қалай дамиды? Болашақ ана ағзасы қандай сынақтардан өтеді? Осы сұрақтарға жауап алу мақсатында қалыпты жағдайдағы жүктіліктің қалай жүретінін байқап көрейік. Жүктіліктің ұзақтығы шамамен, орта есеппен алғанда, 40 аптаны (280 күн) немесе 9 айдан астам уақытты құрайды. Алайда бұл есептеулер ұрықтанған күннен бастап емес, …

Жүкті болуға қолайлы күндерді анықтау

Жүкті болуға қолайлы күндерді анықтау

Жүктілікті анықтаудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Соның ең тиімді екі әдісі туралы төменде айтамыз. Бірінші әдіс – жеке «овуляция күнтізбесін» құрастыру. Бірақ ең алдымен, етеккірдің келу аралығының ұзақтығы әрдайым тұрақты екендігіне (яғни әр етеккірдің келу аралығы кейбірінде 28, кейбірінде 30-34 күн) көз жеткізіп алу керек. Бұны анықтау үшін алты-жеті айдай уақыт кетеді, бұл кезеңде сіз жай

Бойға баланың бітуі қалай жүреді?

Ұрықтану

Бойға баланың бітуі қалай жүреді? Бойға баланың бітуі әйел ағзасындағы аналық клетканың ұрықтануының нәтижесінде жүзеге асады. Жыныстық қатынас кезінде еркектің жыныс мүшесінен әйел қынабына миллиондаған аталық ұрық (сперматозоид) түседі. Олардың барлық бөлігі әйел жатырына енбейді. Жатырға енген сперматозоидтар жатыр түтігіне қарай көтеріледі. Жатыр түтігінің кең тұсында (ампулада) ұрықтануға қатысады. Нәтижесінде тек бір немесе екі (екі ұрықты …

Жоспарсыз жүктіліктен сақтану жолдары

Адамзат қауымы баланы жоспарлаудың тәсілін үйренді. Қазіргі кезде жүктіліктен сақтанудың түрлі амалдары бар. Тек дәрігердің кеңесімен өзіңізге лайықтысын таба біліңіз. Өйткені, әр адамның ағзасының ерекшелігіне қарай сақтану құралдарының бірі лайықты болса, керісінше бірі жақпауы мүмкін. Сондықтан, кеңінен қолданылып жүрген жүктіліктен сақтайтын құралдармен таныстырып өтсек.

Жатырдан тыс жүктілік

Жатырдан тыс немесе жатырдың сыртындағы жүктілік (внематочная беременность) — аналық ұрық жасушасы мен аталық ұрық жасушасының қосылып, олардан ұрықтанған жұмыртқаның әдеттегісінше жатырдың шырышты қабатына келіп түспей, аналық безде немесе жатыр түтігінде (фаллопий түтігі) қалып, сол жерде дамуы, яғни ұрықтың жатырдан тыс жерде дамуы. Ұрықтанудың барысында аналық безден келетін ұрықтанған жасуша жатыр түтігі арқылы жатырдың жоғарғы …

Жүктілікті жоспарлау

Отбасын құрып, шаңырақ көтерген кез-келген жұбайлар отын өшірмей, ұрпағын жалғастырар бала сүюді армандайды. Осы ретте болашақ аналарға мамандардың берер кеңесі жетерлік. Құрсағында 9 ай, 9 күн көтерген нәрестесінің дені сау болып туылуына ата-ананың өзі себепші екендігін ескерген жөн. Балалы болу дегеніміз – ерлі-зайыптылардың жауапкершілігінің артуы десек, екі жаққа да артылар міндеттің жүгі ауыр болады. Тек …

Яндекс.Метрика