Tag «Ойыншықтар»

Балаңызға ойыншық алып бересіз бе?

Үйде кішкентайыңыздың бөлмесі соңғы үлгідегі барлық ойыншықтардың жаңа түрлеріне лық толы. Ас үйде де балаңыздың жақсы көретін түрлі тәттілері бар, ал оған сонда да жетпейді. Сырты әсемделген ашық түсті қорапты көрсе болды (оның ішінде не бар екені оған бәрібір), екі көзі жайнап, «маған осыны алып бер» деп өжеттеніп, табан тіреп тұрып алады. Бұдан «балаға не …

Балаңыздың киімі және ойыншықтары

Киімдер Бала киімі туралы мәселе өте маңызды болып табылады. Ол ата-ананы әрқашан ойландырып, толғандырады. Жаңа туған ұлына немесе қызына қандай киім-кешек керек? Жеңіл іш көйлектерден немесе ползункалардан қаншасын әзірлеп кою қажет? 3 айлығынан бастап бір жасқа толғанға дейін сәбиге арналған киімдердің шамамен төмендегідей тізімдерін ұсынамыз:

Ойыншығың қандай, балақай?

Ойыншық — баланың серігі. Бүлдіршіндер ішкі сырларын ойыншығымен бөлісіп, сырласады. Бірақ сауда айналымындағы ойыншықтардың саны көп болғанымен, сапасы мардымсыз. Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі мамандарының  мәліметіне жүгінсек, өткен жылы сауда орындарында токсикологиялық зерттеуге алынған 435 ойыншықтың 25-і талапқа сай келмеді. Ойыншықтарда адам төзгісіз иіс бар және формальдегид қосындысы мен толуол сұйықтығының құрамы мөлшерден артық…

Баланың жауапкершілігі: Ойна да, жина

Балалы үйде ойыншықтардың болатыны —  анық жайт. Ойыншықтардың үйдегі бөлмелерде немесе ойын алаңында шашылып жатуы бала саны мен олардың жасына және ойыншықтардың санына байланысты. Балаларға ойыншықпен қалай ойнау керектігін үйретудің қажеті жоқ. Өздері үйреніп алады. Үлкендер оларға ойнауды үйретуді өздеріне міндет деп санамаса болады. Есесіне, балаларға ойнап болғаннан кейін ойыншықтарды жинауды үйретуге болады. Ойыншықтарды жинау …

Балаңыз немен ойнайды?

Сіздің балаңыз барлығымен дерлік алысады, есерленіп, айқай-шу шығарады, ал түнде қорқынышты түстер көріп, шошып оянады. Неге? Сіз бұны балаңыздың мінезінде немесе жүйкесінің әлсіздігінде деп ойлайтын шығарсыз. Айналаңызға бір мезет зер салып қараңызшы, ол қандай ойыншықтармен ойнайды, теледидардан не көреді? Басты себеп осында болуы мүмкін. Қыздардың қуыршақтарын ұйықтатып, қоңыр қонжығының жараланған аяғын емдейтін, ал ұлдардың ойыншық …

Яндекс.Метрика