Tag «Сәби тәрбиесі»

6 айдан 9 айға дейінгі балаларды тәрбиелеу

Бұл уақыттық кезең ата-аналар алдына жаңа міндеттер қояды. Оларға күндіз 3 рет ұйықтататын күн тәртібін ұйымдастыру, сөзді ұғынуын жетілдіру, бірте-бірте сәбимен арадағы қарым-қатынасты қалыптастыру, заттармен ойнауын одан әрі жетілдіру және еңбектеуге дайындығы өздігінен жүрудің алғашқы баспалдағы жатады.

3–5 айлық балаларды тәрбиелеу

Бұл кезеңдегі тәрбиенің негізгі міндеттері: есту және көру қабілеттерін дамыту; дыбыс реакциясын жетілдіру; эмоциялық жағдайларды орнықты ету; қолдың қимылдарын, ойыншықты алып, ұстап тұру қабілетін дамыту; еңбектегенде қажет болатын қимылдарды жетілдіру.

Баланың жауапкершілігі: Ойна да, жина

Балалы үйде ойыншықтардың болатыны —  анық жайт. Ойыншықтардың үйдегі бөлмелерде немесе ойын алаңында шашылып жатуы бала саны мен олардың жасына және ойыншықтардың санына байланысты. Балаларға ойыншықпен қалай ойнау керектігін үйретудің қажеті жоқ. Өздері үйреніп алады. Үлкендер оларға ойнауды үйретуді өздеріне міндет деп санамаса болады. Есесіне, балаларға ойнап болғаннан кейін ойыншықтарды жинауды үйретуге болады. Ойыншықтарды жинау …

Яндекс.Метрика