Tag «Сәл кейінірек»

Қызылша салаты

Құрамы: 2-3 түйір қызылша, 1 кесе қаймақ немесе 2 кесе сүт, 5-6 жапырақ көк (петрушка). Дайындау процесі: Жуылып, тазартылған қызылша духовкаға қойылып пісіріледі. Піскеннен кейін қабығы аршылып, ұзыншалап немесе ұшбұрыштап кесіледі, осылай дайындалған қызылша шағын ыдыстарға салынып, үстіне қаймақ немесе ыстық сүт құйылады. Бетіне көк себіліп, дастарқанға әкелінеді.

Яндекс.Метрика