Тырнақ күтімі туралы кеңестер

Қазіргі таңда тырнақ күтімі маңызды рөл атқарып келеді. Қыздардың көпшілігі сұлулық салонына барып, қаражат пен уақытын сарп етуде. Сол себепті үй жағдайында қалай күтім жасау керектігі туралы бірнеше кеңес бергім келеді.

1 Қолыңызды жібіту үшін түймедағы тұнбасы қосылған немесе ас содасы бар жылы суға 15-20 мин қолыңызды салыңыз.

2 Егер тырнағыңыз желініп кетсе, онда тырнағыңызды жылы тұздық суда 10-15 мин ұстаңыз немесе йод жағыңыз.

3 Аптасына 1-2 рет өсімдік немесе зәйтүн майын жағып, маска жасаңыз.

4 Егеуіштің пластиктен және жұмсақ болғаны абзал.

5 Тырнақта сарғыш түс пайда болса, оны лимон қышқылымен сүртсеңіз кетеді.

6 Бұрыңғы лактың үстіне жаңа лакты жағудың қажеті жоқ.

7 Лак кетіретін сұйықтықтың (жидкость) құрамы ацетонсыз болуы керек. Себебі ацетоннан тырнақ құрғақ, сыңғыш болып келеді.

8 Тырнағыңызға лакты боямас бұрын, оған аздап сұйықтық немесе таза спирт қосыңыз.

Тырнақ күтімімен айналысып, әрқашан әдемі көрініңіздер!

spot_img

Қызықты

Мақтақыз бен мысық

Бұл екеуі дос болады. Мақтақыз үйін жинап жүріп, бір...

Үй шаруашылығына икемдісіз бе?

1.  Өзіңізді саябақта ағаш егіп жүргендей елестете аласыз ба?  ...

Балаңызды күннің көзінен қорғаңыз

Күннің көзі балаңызға айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан біз...

Емшек сүті қайдан және қалай пайда болады?

Әйел босанғаннан кейін сүт емшек бездерінде қан арқылы келген...

Жүктілік кезінде полихидрамиоз және судың жетіспеушілігі дегеніміз не?

Ұрық ананың құрсағында болғанда, ол амниотикалық сұйықтықпен қоршалған. Бұл...