ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ЖҮКТІЛІКТЕН САҚТАНУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ

Қосарланған оральды контрацептивтер қосарланған гормондық контрацептивтердің бір түріне жатады.

Қосарланған оральды контрацептивтерді – овуляцияны тежеуге және жүктіліктен сақтануға арналған қосылыстар. Оның құрамында әдетте эстроген немесе прогестерон гормондары немесе екеуі де болуы мүмкін.

ҚГК қолданғанда дамитын қауіпті белгілер (тез арада дәрігер көмегіне жүгіну керек):

  • бастың қатты ауыруы;
  • көз көруінің бұзылыстары (көздің көруінің нашарлауы немесе мүлдем көрмей қалуы);
  • кеуде торындағы ауырсыну, жөтел, дем алудың қиындауы;
  • іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну/жамбас астауындағы ауырсыну;
  • аяқтардағы ауырсынулар (жіліншік немесе санның ауыруы).

ҚОК қабылдау ережелері:

ҚОК-ты күніне бір таблеткадан бір мезгілде ғана қабылдау керек. Қаптамада 28 таблетка болса, келесі қаптаманы үзіліссіз қабылдаған жөн. Ал егер қаптамада 21 таблетка болса, жаңа қаптаманы бастар алдында 7 күн үзіліс жасаймыз.

1 немесе 2 белсенді таблетка ішілмей қалды. Жаңа қаптама таблеткаларын қабылдауды 1 немесе 2 күн кейінірек бастаған жөн.

Ішілмей қалған таблетканы мейлінше жылдам қабылдап, одан кейінгі таблетканы өз уақытында ішкен жөн.

Жүктіліктің болу қаупі төмен немесе жоқ болады.

Алғашқы 14 белсенді таблетканың 3 немесе одан көп таблеткасы ішілмеген жағдайда.

1 таблетканы мейлінше жылдам ішу керек, одан кейінгісін өз уақытында ішіп, қосымша әдісті 7 күн бойы қолданған жөн.

Соңғы 7 белсенді таблетканың 3 немесе одан да көп таблеткасы ішілмегенде.

1 таблетканы мейлінше жылдам ішу керек, одан кейінгісін өз уақытында ішіп, қосымша әдісті 7 күн бойы қолданған жөн. Белсенді таблеткалар біткен соң, бірден жаңа қаптаманы бастап кету керек (7 күндік үзіліс жасау қажет емес!)


ҚОК-ты өткізіп алған кездегі ұсыныстар:

Белсенді емес таблеткалар пайдаланылмаған

Пайдаланылмаған таблеткаларды лақытырып тастап, қаптаманы кесте бойынша аяқтау керек.

ҚГК пайдалану барысында проблемалар пайда болған кездегі ұсыныстар

Жанама әсерлер

Қажетті ұсыныстар

Жүректің айнуы

  1. Кеңеске жүгіну қажет.

  2. Ұсыныстар:

  • Кезекті таблетканы ұйқы алдында немесе кешкі астан кейін қабылдау керек.

  • Симптомдар сақталған жағдайда:

жүрек айнуына қарсы дәрілік заттарды қолдануға болады.

  • Кезекті қаптаманы қабылдай бастаған кезде жүрек айнуы басталса, контрацептивті ұзарта пайдалану кестесін белгілеңіз.

  • Эстроген мөлшері аз ҚОК пайдалану.

Іш өту немесе құсу болғанда

  1. Кеңеске жүгіну қажет.

  2. Ұсыныстар:

  • 7 күндей жүктіліктен сақтанудың қосымша әдісін қолдануы керек.

Қан аралас бөліністер немесе қан ағу

  1. Кеңеске жүгіну қажет.

  2. Ұсыныстар:

  • Қаназдықтың белгілері білінсе темір препараттарын және фолий қышқылын қабылдау керек.

Егер кеңеске қанағаттанбаса:

  • Монофазалы төмен дозалы қосарланған оральды контрацептивтерді 7-21 күнге тағайындайды.

Дене салмағының артуы

  1. Кеңеске жүгіну қажет.

  2. Ұсыныстар:

  • Сұйықтық, май және көмірсуларды шектейтін аз калориялық диетаны сақтау.

Масталгия

  1. Кеңеске жүгіну қажет.

  2. Ұсыныстар:

  • Әйелге сүйемелдеуші бюстгальтер тағып жүруге кеңес беріледі (күндіз, ұйықтаған кезде де).

  • Ыстық және салқын компресстер.

  • Егер кеңеске қанағаттанбаса:

  • Ацетилсалицил қышқылы (325-650 мг),

  • Стеройдты емес қабынуға қарсы дәрілер (200-400 мг),

  • Парацетамол (325-1000 мг) немесе басқа ауру сезімін басатын дәрілік заттар.

Аменорея

  1. Кеңес беру

  2. Жүктілікке тексерілу.

  3. Егер жүктілік жоқ болса, ҚОК қабылдауды жалғастыра беру.

Бас ауыруы

  1. Кеңес беру

  2. Ұсыныстар:

Ацетилсалицил қышқылы (325-650 мг),

Стеройдты емес қабынуға қарсы дәрілер (200-400 мг),

Парацетамол (325-1000 мг) немесе басқа ауру сезімін басатын дәрілік заттар.

«Гормонсыз» апта кезінде бас ауруы қайта пайда болса, контрацептивті пайдалануды ұзарта аламыз (яғни әйел гормондық таблетка қабылдамайтын 7 күн)

Көңіл күй бұзылыстары

  1. Кеңес беру

Егер кеңеске қанағаттанбаса:

  • Басқа прогестагені бар ҚОК ұсынылады.

Либидоның төмендеуі

  1. Кеңес беру

Егер кеңеске қанағаттанбаса:

  • Басқа прогестагені бар ҚОК ұсынылады.

  • Прогестаген мөлшері төмен ҚОК ұсынылады.

 

 

Авторы Гүлназ Бекбосынова