Tag «Сұрақ-жауап»

Брэкстон-Хикс толғағы деген не?

Брэкстон-Хикс толғағы деген не? Белгілері қандай болады? Брэкстон-Хикс (Braxton Hicks) — жүктіліктің орта кезеңінен, дәлірек, 20-шы аптасынан бастап келетін жалған толғақ. Толғақтың мұндай түрі барлық жүкті әйелдерде бола бермейді. Мұндай толғақ кезінде жатыр қабырғасының бұлшықеттері қысым жасағанымен, жатырдың мойны ашылмайды.

Жұқпалы эритема деген қандай ауру?

Жұқпалы эритема (лат.: erythema infectiosum; орыс.: пятая болезнь, эритема инфекционная) — балалардың денелеріне қызыл бөртпе түрінде шығатын жұқпалы тері ауруы. Бұл кеселдің «Бесінші ауру» деген де балама атауы бар. Мен жүктіліктің 8-ші аптасындамын. Менің кішкентай қызым

Жас балаларда геморрой болады ма?

Жас балаларда геморрой бола ма? Иә, болады. Балалар арасындағы геморрой, ересектермен салыстырғанда, мың есе аз кездеседі. Балаларда болатын геморройды кәдімгі геморрой дегенше, тік ішек аймағына жарық (сызат) түсу деп түсіну керек. Ол сызат клизма жасау кезінде немесе қатты

Жасанды толғақ деген не?

Жасанды толғақ деген не? Ол не үшін жасалады? Зияны бар ма? Жасанды толғақ дегеніміз толғақты қолдан жасау әрекеті болып саналады. Оның түрліше әдіс-тәсілдері бар. Толғақтың мұндай табиғи емес түрі мынадай жағдайларда жасалады:

Балаларға тән ауруларының жүкті әйелдерге әсері

Менің қызылша ауруына шалдыққан кішкентай сәбимен байланысым болды. Бұл жүктілік кезінде кері әсерін тигізбей ме? Қызылша өте жылдам жұғатын аурулардың қатарына жатады. Бірақ денесіне қызылша шыққан адамдармен байланысқан жағдайдың барлығында бірдей жұға бермейді. Егер сіз қызылшаны жұқтырсаңыз,

Жүктілік кезіндегі індеттер мен аурулар

Мен балабақшада балардың тәрбиешісімін. Балалардың арасында ауруға шалдыққандары да бар. Мұндай жағдайда қандай сақтық шарасын қолданғаным жөн? Сіз жүктілік уақытында болуы мүмкін ауруларға байланысты қан арқылы анализ (сараптама) жасатпасаңыз, иммундық жүйеңіздің қалыпты жұмыс жасап

Кейбір халық нанымдарына және үйде емдеуге байланысты сұрақтар мен жауаптар

Жас баланың еңбегі төмен ойысып түссе, арнаулы ем қабылдамаса, оның іштің бұзылуынан (іш өтуден) өлетінін білдіреді дейді, осы шын ба? Бұл негізінен шындыққа келеді. Нәресте көп сұйық жоғалтқан кезде оның еңбегі төмен түседі. Тез арада қажетті сұйықты қабылдамаса, ол өліп кетуі мүмкін.

Сусындарға қатысты сұрақ-жауап

Жүкті әйелдердің сусындарды ішулеріне қатысты сұрақ-жауаптар. Алкогольді (спиртті) ішімдіктердің зиянын айтпаса да түсінікті болғандықтан, бұл тақырыпта спиртті сусындар жайлы сұрақтарды қарастыруды артық санадық. Жүктілік кезінде қандай минералды сулар пайдалы, және қандайынан бас тартқаным жөн? Жүкті әйелдердің көбінде темір

Жүкті әйелге қажетті дәрумендер (витаминдер)

Жүкті әйелдердің барлығы қосымша дәрумендерді пайдалану керек пе? Егер аяғы ауыр әйел құнарлы тағамдармен, жеміс-жидектермен және көкөністермен жиі қоректенетін болса, фолий қышқылынан (B9 дәрумені) басқа дәрумендерді қабылдаудың қажеті жоқ. Фолий қышқылының жетіспеушілігі жүкті әйелдерде ғана емес, сонымен қатар кез кедген адамда болуы мүмкін. Жүктілік кезінде ол дәруменнің жетіспеушілігінен туындайтын салдар басқа адамдарға

Жүкті әйелге қажетті минералды заттар

Жүктілік кезіндегі минералды заттар. Жүкті әйелге қажет минералды заттар. Қандай минералдар пайдалы? Жүкті әйелдердің барлығы темір препараттарын қабылдау керек пе? Бұл сұраққа жауап беретін мамандардың жауаптары екі топқа бөлінеді: бір топ маман «Иә» десе, екінші топ «Олай емес» деп жауап береді. Темір препараттарының жүкті әйелдерге зияны жоқ, бірақ қыруар ақша тұратынын ескерсек,

Балық пен етті сәбиіңізге беруге бола ма?

Уақыт көзді ашып жұмғанша зымырап өтіп жатыр. Сәбиіңіз өсіп келеді. Алғашқыда оған жемістер мен көкөністер, әртүрлі жармалар (крупа) берсеңіз, енді оған тағамына одан да маңызды азық-түліктерді енгізу қажет. Олар – құрамы ақуыз бен минералды заттарға, дәрумендерге бай (фосфор, калий, темір) ет пен балық. Баланы ет пен балыққа үйретуді аз мөлшерден бастаған жөн. Оған қоса, міндетті …

Жүктілік кезіндегі салмақ (арықтау, семіру, диета)

Жүкті болғанда қанша калория қажет? Екі адамның орнына тамақтану керекпін бе? Калорияның мөлшері жүктіболған кезден бастап арттырмайсыз. Төртінші айдан бастап жаймен арттырасыз. Жүктіліктің 4-5-ші айларынан бастап соңына дейін күніне қалыпты жағдайдағы калория (күнделікті тамақтанып жүрген үрдіс) мөлшерінен 200 калорияға артық

Жүктілік кезіндегі тамақтануға байланысты сұрақ-жауаптар. Вегетариандық тағамдар

Жүктілік кезінде тұзы аз тағамдар жеу керек пе? Жоқ, бұл — ескі түсінік, ескі ереже. Тұзы аз тағамдар аяғы ауыр әйел үшін зиян болуы да мүмкін. Өйткені тұз аз болғандықтан сусау (шөлдеу) мен суға деген қажеттілік төмендейді. Аз су ішу ішіңіздегі балаға кері әсерін тигізеді. Судың атқаратын қызметі өте зор.

Яндекс.Метрика