Балалардың компьютерді шамадан тыс пайдалануларын шектеу

Компьютерге тәуелділік
Әр нәрсенің шегі мен орны бар дегендей, балалардың компьютер пайдалануларының да шегі бар екенін бұған дейінгі мақалаларда айттық. Шек пен тыйымның не екенін түсінбейтін кішкентай балаларды компьютер алдынан қалай алыстатуға болады? Көп ата-ананы алаңдататын сауалдардың бірі — осы.

Осы тақырыптағы бұған дейінгі мақалалар:
Компьютердің балаларға зияны
Балалар мен компьютер


Бала кішкентай кезінен шамасына қарай компьютер пайдалануды үйреніп, шектеулі уақыттан соң орнынан тұру керек екендігін ұғыну үшін кішкентай кезінен ата-анасы оған тәртіп пен тәртіпке бағынуды түсінікті түрде үйретуі керек. Айтқан тілді алатын балаларды компьютерден алшақтану қиын емес, қиыны — еркетотай, айтқанынан қайтпайтын қырсық, ата-анасы мен үлкендердің айтқанын тыңдамайтын балалар.

Кішкентай, мектепке бармайтын балалар компьютерден ажырамастай болып отырып алатын болса, оларға айқай салып ұрсып, ұрудың қажеті жоқ. Негізі, баланы үнемі ұрып-соғу арқылы есін кіргізіп, ақылды қылу мүмкін емес.

Егер бала айтқанынан қайтпай, компьютермен байланысын үзе алмай отырса, оның көңілін басқа ойыншықтармен (соған ұқсас заттармен) немесе ойын ойнаумен аулау керек. Не болмаса, тамақ ішетін уақыт болғанда тамақ ішу керек екендігін ескертіп, тамақ ішудің міндет екендігін айтып, отырған орнынан көтеріп алып, дастарқан басына әкеп отырғызуға болады. Жылағанын қоймаса, жұбатыңыз. Көңілін аулаңыз.

Компьютер суреті, Құрсаулау

Кейде тамақтанып болып, қарнын тойдырып алған балалар бірден компьютерге қарай жүгіреді. Ондай әрекет компьютерге тәуелділіктің бір белгісі болып саналады. Ал компьютерге тәуелділіктің соңы баланың санасының жетілуіне де денсаулығыныңжақсы болуына да әкеп соқпасы анық. Сондықтан бала мен компютер арасындағы қатынасқа уақытылы назар аударған дұрыс. Компьютерге тәуелді бола бастаған балалар жыласа да компьютерді іске қосуға қажетті жабдықтарды (пернатақта, тышқан, кабель) алып қоюға болады. Баланың жылағаны бір сәттік, ал компьютерге тәуелді болу ұзаққа созылады.

Мектеп жасындағы балалар ата-анасының айтқанын түсінеді, тыңдайтындары көп. Кейбірі қорқандықтан амал жоқ компьютерден алыстайды.

Баланы бір әрекеттен немесе заттан тыйғанда соған балама болатын әрекетті немесе затты ұсыну керек. Мысалы, компьютердің алдында телміріп отыруына кететін уақытты спортқа, физикалық тұрғыда денсаулығына пайдалы ойын түрлеріне жұмсауды үгіттеуге болады.

фото: collegeview.com

Ұқсас мақалалар

Балалардың компьютер мен ғаламторды пайдалануы

Компьютердің балаларға зияны

Балалар мен компьютер

Яндекс.Метрика