Жүктілік кезіндегі тамақтануға байланысты сұрақ-жауаптар. Вегетариандық тағамдар

Жүктілік кезіндегі тамақтану: сұрақ-жауап

Жүктілік кезінде тұзы аз тағамдар жеу керек пе?

Жоқ, бұл — ескі түсінік, ескі ереже. Тұзы аз тағамдар аяғы ауыр әйел үшін зиян болуы да мүмкін. Өйткені тұз аз болғандықтан сусау (шөлдеу) мен суға деген қажеттілік төмендейді. Аз су ішу ішіңіздегі балаға кері әсерін тигізеді. Судың атқаратын қызметі өте зор.

Тамаққа тұзды өте көп қосуға да болмайды. Тамақтың дәмін келтіретіндей етіп, қалыпты етіп қоссаңыз, сол да жеткілікті. Ас тұзының құрамында пайдалы минералдардың да болатындығын ұмытпаңыз.
…………………………………………………………………………………

Балық жүктілік кезінде өте пайдалы екенін білемін. Бірақ сынаптың зардабы қалай болады?

Балықтың пайдалы екендігі оның құрамында аз мөлшерде сынаптың (ауыр металл) болатындығы (әр түрлі балықта әр түрлі мөлшерде) да — рас, ақиқат. Сондықтан жүктілік кезінде балық көп жейтін болсаңыз, басқа да тағамдармен қоса жеу керексіз.

Мамандар жүктілік кезінде мына балықтарды жемеуге кеңес береді: жылан балық (угорь), акула, палтус, шортан балық, теңіз алабұғасы, теңіз шайтаны (Lophius piscatorius), тунец балығы және сібір щиповкасы.

Балық организмге минералдардан бөлек, пайдалы болып саналатын қанықпаған май қышқылдарын жеткізеді. Сондықтан аптасына екі рет балық жегеніңіз дұрыс болады.

Ескерту!
Шикі балық өнімдері (мысалы: суши) мен қақталған балықтарда ауру тудыратын зиянкестердің болуы мүмкін. Сол үшін консервіленген және зарарсыздандырылған (пастерилизациядан өткен) балық өнімдерін жеуге болады.
…………………………………………………………………………………

Жүктіліктің басында бауыр жеп едім. Ол қаншалықты қауіпті?

Жүктіліктің алғашқы үш айында жануарлардың бауырын және бауырдан жасалатын тағамдарды жемегеніңіз дұрыс. Себебі бауырдың құрамында А дәрумені көп. Ол ағзадағы А дәруменінің мөлшерін шамадан тыс көбейтіп жібереді. Ал күнделікті қажетті мөлшердегі А дәрумені күнделікті тағамдардан алынады.

Көп мөлшердегі А дәрумені нәжіс арқылы сыртқа шығып кетпей денеде қалып қояды. Ол денедегі майларды ерітеді. Сол себептен артық мөлшердегі А дәрумені зиянды болады.

Сұрағыңызға қарағанда, сіз тек бір рет қана жеген екенсіз. Ол ешқандай кері әсерін тигізбейді. Тек көп рет жемесеңіз болды.
…………………………………………………………………………………

Вегетариандық түрде тамақтану жүктілік кезінде қауіпті дейді. Осы рас па?

Егер вегетариандық диетада болып, еттен ғана бас тартып, ал жұмыртқа, сүт өнімдері және балық секілді тағамдарды жеп тұрсаңыз, және қосымша дәрумендер мен минералды заттарды (Йод, темір, темір, мырыш, кальций) қабылдасаңыз, вегетариандық тамақтар балаңызға ешқандай зиянын тигізбейді.

Вегетариандықтардың арасында тым қаталдары бар. Оларды «вегандар» деп атайды. Олар жануарлардың ешқандай өнімін пайдаланбайды. Веган адам олай ету арқылы ағзаға қажетті В12 дәруменінен қағылады. Өйткен ол дәруменнің барлығына жуығы жануар өнімдерінен келеді. Сондай-ақ Д дәрумені азайып кетеді. Минералды заттардан темір мен кальцийдің мөлшері төмендеп кетеді. Мұндай жағдайда жүкті болу балаңыз үшін өте қауіпті.
…………………………………………………………………………………

Мен — вегетариандықпын. Соя өнімдерімен көп қоректенемін. Соя балаға әсер ететін гормондарға қалай әсер етеді? Гормондарға зиянын тигізбей ме?

Соя бұршағының құрамында өсімдіктерге тән эстрогендер болады. Ол эстроген өтпелі жас кезіндегі өзгерістерге оң әсерін тигізеді. Сондай-ақ, қан құрамында май көп болса және жүрек пен қан айналымында қиындықтар болса, соя құрамындағы эстроген көмектеседі.

Жүкті әйелдің бойындағыэстроген гормоны сояның құрамындағы эстрогеннен әлдеқайда көп болады. Егер ағзадағы табиғи эстроген көп болып кетсе, әйел денесі сырттан соя арқылы келеті эстрогенді елемейді қалады. Эстроген жатырдағы баланың дамуына кері әсер ете алмайды.

Соя — вегетариандықтар үшін ең маңызды деген мынадай заттардың қайнар көзі болы табылады: ақуыз, минералды заттар, дәрумендер (әсіресе, Фолий қышқылы). Сондықтан сіз соя өнімдерінен күдіктеніп, бас тартуға ешқандай негіз жоқ. Қалауыңызша пайдалана беріңіз.
…………………………………………………………………………………

Құлпынай (қой бүлдірген) жеу арқылы баламныңаллергиясын қоздырамын ба?

«Анасы жүкті кезінде құлпынай жесе, туылған баласында құлпынайдан аллергия пайда болады» деген ешқандай теория да, зерттеу қортындысы да жоқ. Егер сіздің құлпынайға деген аллергияңыз болса, жүктілік кезінде жемеңіз.

Ұқсас мақалалар

Азық-түліктен келетін індеттер: Листериоз инфекциясы

Аяғы ауыр әйелдердің дұрыс тамақтануы

Жүктілік кезіндегі тамақтану

Сусындарға қатысты сұрақ-жауап

Comments 1

  • Жуктілік кезінде арбір ананын озінін калауынан тыс жерік тагамдары болады. Арбір ана озінін жерік болган тагамдарынын мумкіндігінше жегені дурыс. Жерік астын іштегі баланын дамуына бірден-бір септігі зор.
    Аналарга есінде сактайтын бірден-бір акыл кенес:
    1. Жуктілік кезінде исламда харам деген тагамдарды жеменіз.
    2.Озгелердін бакшасындагы тагамды руксатсыз жеменіз
    3. Отірік айтпаныз.
    4.Жаман нарселерге козінізді тусірменіз.
    5. Барлык жагыдайды жаксы жагынан ойланыз
    Жуктілік кезіндегі аналардын іс кимылынын, жеген тагамдарынын іштегі сабиге тиер асері коп.

Яндекс.Метрика