Босанғаннан кейін етеккірдің келуі және кешігуі

Босанып, сәбилі болып, оны емізетін уақытта етеккірдің келуі кей әйелдер үшін қалыпты жағдай болып табылады. «Емшекте баласы бар әйелдің етеккірі келмейді» дейтін түсінік барлық әйел үшін бірдей емес. Рас, кезінде жүктіліктен сақтанатын гормоналды препаратттар мен босану барысында пайдаланылатын дәрі-дәрмектер жоқ еді. Барлық тұрғыдан алғанда әйелдер табиғи жолмен босанды. Сол уақыттарда емшекте баласы бар әйелдерде етеккірдің…

Read More

Омырау тазалығы

Сәбиін омырауымен емізетін әйел үшін омырау тазалығын сақтау өте маңызды. Сондықтан тазалық жөнінде қиын емес бірнеше ережелерді сақтау сәбидің қолайлы тамақтануына, емізген кезде ауырсыну сезімдерін болдырмауға, төсіңіздің жақсы кейпін сақтап қалуға көмектеседі. Еш уақытта омырауыңызды жөкемен (мочалка) ысқыламаңыз. Сонымен бірге, гигиеналық шаралар үшін дәстүрлі косметикалық заттарды қолдануға болмайды, яғни омырауды кір сабынмен, иіс сабынмен немесе…

Read More
Тамақтану, сапалы азық-түлік

Сәбиін емізетін ананың тамақтануы

Жүктілік кезінде әйелдің салмағы шамамен 10-12 кг-ға артатынын сіздер білесіздер. Босанған соң бірден баланың, жолдастың және ұрық маңайындағы судың салмағының есебінен бұл көрсеткіш 4,5-6 кг-ға азаяды. Осылайша, қалған 6-8 кг. қор сақталып қалады, оның 2/3-і – босанған соң ағзаны қосымша энергиямен қамтамасыз ететін май қабаты. Ең алдымен бұл қорлар сүт шығару үшін қажет. Сондықтан сәбиін…

Read More

Табиғи босанудан кейінгі әйелдің жағдайы

Табиғи жолмен босанған соң бірнеше күн бойы, тіпті бірнеше апта бойы әйел бойында кейбір қолайсыздықтар сезіледі. Қынаптан қанды іріңнің бөлінуі (лохия) баланың жолдасы ажыраған кезде жатырдың шырышты қабатының зақымдануынан болады. Босанған соң алғашқы екі-үш күнде етеккірдің алғашқы күніндегідей іріңді бөлініс өте көп мөлшерде және ашық түсті болады.

Read More

Мастит және оның алдын алу

Мастит – сүт безінің қабынуы. Ірің тудыратын микробтардың сүт бездеріне түсуінен (әдетте емшек үрпінің жарылуынан) пайда болады. Көбінесе бала емізіп жүрген әйелдер ауырады. Мастит кезінде температура 39°С-ге дейін көтеріліп, әйелдің жалпы жай-күйі нашарлайды, басы ауырады. Зақымданған сүт безі екінші тәулікте бұрынғыдан да қатайып, қатты ауырады, қызарып ісіп кетеді. Мастит көбінесе бірінші рет босанған әйелдерде болады….

Read More

Ана сүтінің мөлшері мен сапасы емшектің өлшеміне тәуелді емес

«Егер әйелдің (бала емізетін ананың) емшегі кішкентай болса, баласын тойдырып емізе алмайды. Өйткені емшегі кішкентай анадан аз сүт бөлінеді» деген түсініктің бар екендігі белгілі. Оны аңыз десек те болады. Себебі әйел омырауынан бөлінетін сүт пен сүттің сапасы емшектің үлкен немесе кіші болуына байланысты емес. Әйелдің емшегінің басым бөлігі май ұлпаларынан тұрады. Ұлпалардың көлемі емшектің көлемін…

Read More

Ана сүтінің пайдасы мен ерекшеліктері

Сәбидің ана сүтін емуінің маңызы зор Сәбидің тіршіліктегі ең алғаш татар нәрі – анасының сүті. Ана сүті өмірге жана келген сәби үшін бірден-бір таптырмайтын қорек. Ана сүтін беру интеллектуальды және эмоциональды дамудың жақсы негізін қалайды. Ал ана сүтін ембеген бала, көп жағдайларда, аурушаң болып өседі.

Read More

45-65 жас аралығында алғаш рет жүкті болатын әйелдерде кездесетін қиындықтар

Израильдің «Тель а-Шомер» медициналық орталығында 2003–2008 жылдары 45-65 жас аралығындағы алғаш рет жүкті болған әйелдерді бақылаған мамандар 45 жастан бастап алғашқы перзентіне жүкті болу әйел мен сәбидің денсаулығына қауіпті деген қортындыға келген.

Read More

Сәбиді емізу барысында кездесетін қиындықтар

Сәби жарық дүниеге келгеннен соң оның қорегі анасының омырауынан шыққан ана сүті болады. Тойып емген сәби мен сәбиін емізуі оңай болған ана — сәтті емізудің көрінісі. Сүтті ему мен сәбиді емізу әрқашан оңай іске аса бермейді. Қиындықтар туып, жаңадан босанған әйелдердің қиыналып қалатындары бар. Емшек ұшына жара шығу, бала емізгенде жайсыз сезіну, сүттің тиісті мөлшерде шықпай…

Read More

Сүт безі ауруы

Елімізде соңғы кезде әйелдердің сүт безі ауруы белең алып барады. Кейінгі жылдары оның көбейгендігі соншалық жас келіншектер арасында да осы дертке шалдыққандар кездесіп қалады. Дәрігерлер 60-70 пайызға дейінгі ана атануға қабілетті әйелдердің дер кезінде мамандардың кеңесіне жүгінбейтіндігінің салдарынан орын алатындығын айтып отыр. Сүт безінің рагін алдын-алу үшін мастопатияны анықтап, дереу емдету керек. Мастопатия сүт безінің…

Read More

Босанудан кейінгі сұлулықты сақтау

Міне, тоғыз ай, тоғыз күн көтерген балаңыз жарық дүниеге келді! Бұл — отбасыңыз үшін, өзіңіз үшін де үлкен қуаныш. Дегенмен, перзентханадан келгеннен кейін айнадан өзіңізді көріп, көңіліңіз жабырқап қалды ма? Жүктілікке дейінгі сымбатыңыздың ізім-қайым жоғалғанын аңғардыңыз ба? Артық салмақ өз алдына, ұйқысыздықтың салдарынан бетіңіз бозарып, көзіңіздің асты қарайып, теріңіз құрғап кеткенін байқадыңыз ба? Онда тез арада…

Read More

Босанғаннан кейін салмақты реттеудің амалдары

Жүктілік кезінде барлық әйел салмақ қосады. Бірі шамалы ғана қосса, екіншісі 20 келіге дейін семіреді. Кейбір әйелдердің бойындағы ісіну құбылысы уақыт өте келе қалпына келеді. Ал босанғаннан кейін артық майдан арылу кез-келген мүсінін ойлайтын әйел үшін бас ауыртар мәселеге айналады.

Read More