ҚАРАҢЫЗ

Эндометриоз ауруы туралы сұрақтар

Эндометриоз деген не? Эндометриоз (эндо — ішкі; метра — жатыр) — жатырдың эндометрий қабатындағы (жақсы қанданатын, циклды түрде жаңарып тұратын жатырдың ішкі шырышты қабаты) жасушалардың жатырдан тыс жерлерде (мысалы: жатыр түтігінде (фаллопий түтігі), жатыр мойнында

Read More

Кішкентай сәбилердің гигиенасы

Кіндігіне күтім жасау Сәбидің алғашқы күндері кіндігі – сипаты жағынан жазылып келе жатқан жара тәріздес, үнемі назарда ұстап отыру қажет. Егер кіндігі қызарып, ісіп кетсе, оған инфекция түсуі мүмкін. Ал егер дүрдиіп, аздап көкшіл тартып тұрса, бұл – кіндік жарығының белгісі. Екі жағдайда да уақыт оздырмай дереу дәрігерге қаралған жөн. Кіндікті қалай тазалау керек? Инфекция түспес…

Read More

Нәрестеге қатысты қауіпсіздік ережелері

Шамамен 9-10 айдан соң бала өз бетімен төсекке сүйкеніп тұрып, айналасындағы заттармен танысып, бөлме ішін шарлай бастайды. Сол себепті кейбір қауіпсіздік ережелерін сақтауға тырысыңыз: перде ілініп тұрған карниздердің мықтылығын, шкафтардың тербеліп тұрмайтындығын, электр тоқтарын тексеріңіз, ванна мен туалеттегі құлыптарды сәбидің қолы жетпейтіндей етіп бекітіңіз. Сонымен қоса, өзіңіздің және жақындарыңыздың да төмендегі бірнеше ережелерді қатаң сақтауын…

Read More

Сәбидің ақыл-ойының дамуы

Алғашқы аптада сырттай қарағанда сәбидің көзқарасы немқұрайлылықты білдіретін секілді. Бұл – қалыпты құбылыс. Оның кішкентай миы әлі үлкен көлемдегі ақпараттарды қабылдауға дайын емес, сондықтан кейбір таныс емес заттармен бетпе-бет келгенде ол көзін жұмып алады. Алайда 1-2 ай өткен соң-ақ ол жеке заттарға назарын аудара бастайды. Төсегіне ілінген ойыншықтарды ұзақ қарап, мұқият зерттейді. Сіздің бөлмеде ары-бері…

Read More

Бала мұңая ала ма?

Біз балалардың әрдайым көңілді, шат-шадыман, ойыннан басқа алаңы жоқ деп есептейміз. Олардың ұрты салбырап, бұртия қалса, тек еркелікке балап, мән бере бермейміз. Бірақ, Тараз қалалық №23 балабақшаның бірінші санатты психологы Әлия Қазыбаеваның бұған айтар уәжі бар. Бала неге мұңаяды?— Кейде біз бір әріптесіміздің, көршіміздің, құрбымыздың тез құбылатын мінезіне қарап, «бала сияқты» деп сипаттап жатамыз. Бұл неден…

Read More

Жаңа туылған сәбиге қажет киім-кешектер

Жаялықтар. Сәбиіңізді жаялыққа орағыңыз келмесе де, ол сізге қажет болады: дәрігерге қаралуға барғанда, сәбиіңізді жуындырғанда, оған массаж жасағанда. Оларды көптеп алып қойған жақсы, 5-6 жұқа және 5-6 жылысын (фланельден тігілген). Итжейделер (распашонки) – кем дегенде 4 жеңіл және 4 жылысын (фланельден тігілген). Ползункилер – 8 жұптан жұқасы мен жылысын. Чепчиктер – 2 жұқа, 2 жылы….

Read More

Балалар аяқкиіміне күтім қажет

Балалардың аяқкиіміне де ересектердікі секілді күтім қажет. Әдетте, балалар көп жүгіріп, көп секіреді. Одан бірінші кезекте «зардап шегетін» аяқкиімдері болғандықтан, оны таңдауды ғана емес, ары қарай сенімді түрде «қызмет етуіне» көмек беруіміз қажет. Өйткені, 10 жасқа толмаған балалар өздігінен аяқкиімдеріне күтіммен қарай алмайды. Сондықтан, ауыр жүктің бәрі сіздің мойныңызға артылады. Ондай жағдайда біздің кеңесіміз бір…

Read More

Нәрестенің физикалық дамуы

Дүниеге келгенде баланың салмағы орта есеппен 3-тен 4 кг-ға дейін, ал бойларының ұзындығы 45-50 см болады. Бірақ бұл көрсеткіштер нақты емес, кейбірінің салмағы аз, не бұдан артық болып туылады. Шамамен, өмірінің алғашқы жылдары сәби 7 кг салмақ қосады, бойы 25 см-ге өседі. Бала денсаулығының ең маңызды көрсеткіші – оның дене құрылымының үйлесімділігі. Сәбилердің дене құрылысы ересектердікінен…

Read More

Сәбиіңіздің алғашқы ыдыс-аяқтары мен төсек жабдықтары

Бала есейген сайын тамақтануы үшін ыдыс-аяқтар да көптеп қажет болады. Емізігі бар бөтелке. Бүгінгі күні сәбилерге арналған бөтелкелерді қауіпсіз, жоғары температураға төзімді (120°С) пластиктен жасайды. Ішіндегі ең қолайлысы – аузы кең, цилиндрлік пішіндегі бөтелке. Оны жуғаныңызға оңай болады. Құрғақ қоспалардан тағам дайындарда немесе шай құйғанда сіз ештеңені төгіп алмайсыз. Ал ойдан шығарылған ортасында саңылауы бар құтының…

Read More

Омырау тазалығы

Сәбиін омырауымен емізетін әйел үшін омырау тазалығын сақтау өте маңызды. Сондықтан тазалық жөнінде қиын емес бірнеше ережелерді сақтау сәбидің қолайлы тамақтануына, емізген кезде ауырсыну сезімдерін болдырмауға, төсіңіздің жақсы кейпін сақтап қалуға көмектеседі. Еш уақытта омырауыңызды жөкемен (мочалка) ысқыламаңыз. Сонымен бірге, гигиеналық шаралар үшін дәстүрлі косметикалық заттарды қолдануға болмайды, яғни омырауды кір сабынмен, иіс сабынмен немесе…

Read More
Тамақтану, сапалы азық-түлік

Сәбиін емізетін ананың тамақтануы

Жүктілік кезінде әйелдің салмағы шамамен 10-12 кг-ға артатынын сіздер білесіздер. Босанған соң бірден баланың, жолдастың және ұрық маңайындағы судың салмағының есебінен бұл көрсеткіш 4,5-6 кг-ға азаяды. Осылайша, қалған 6-8 кг. қор сақталып қалады, оның 2/3-і – босанған соң ағзаны қосымша энергиямен қамтамасыз ететін май қабаты. Ең алдымен бұл қорлар сүт шығару үшін қажет. Сондықтан сәбиін…

Read More

Табиғи босанудан кейінгі әйелдің жағдайы

Табиғи жолмен босанған соң бірнеше күн бойы, тіпті бірнеше апта бойы әйел бойында кейбір қолайсыздықтар сезіледі. Қынаптан қанды іріңнің бөлінуі (лохия) баланың жолдасы ажыраған кезде жатырдың шырышты қабатының зақымдануынан болады. Босанған соң алғашқы екі-үш күнде етеккірдің алғашқы күніндегідей іріңді бөлініс өте көп мөлшерде және ашық түсті болады.

Read More

Мастит және оның алдын алу

Мастит – сүт безінің қабынуы. Ірің тудыратын микробтардың сүт бездеріне түсуінен (әдетте емшек үрпінің жарылуынан) пайда болады. Көбінесе бала емізіп жүрген әйелдер ауырады. Мастит кезінде температура 39°С-ге дейін көтеріліп, әйелдің жалпы жай-күйі нашарлайды, басы ауырады. Зақымданған сүт безі екінші тәулікте бұрынғыдан да қатайып, қатты ауырады, қызарып ісіп кетеді. Мастит көбінесе бірінші рет босанған әйелдерде болады….

Read More