Әйелдің репродуктивті жүйесі


Әйелдің репродуктивті жүйесі немесе әйелдің жыныс мүшелері дегеніміз көбейіп, ұрпақ жалғастыруға жауапты мүшелердің жиынтығы.

Әйелдердің репродуктивті жүйелері ішкі және сыртқы жыныс мүшелерінен тұрады. Бұл жүйе әйелдерді еркектерден ерекшелеп тұрады, яғни әйел жыныстылардың анатомиясына ғана тән ерекшелік болып табылады.

Репродуктивті жүйелер арқылы әйел жүкті болады, ұрықтың дамып, дүниеге келгенге дейінгі барлық жағдайын жасайды.

Әйелдердегі репродуктивті жүйенің негізгі мүшелері ішкі жыныс мүшелеріне жатады, жамбас қуысында орналасады. Негізі мүшелер: қынап, жатыр, жатыр түтігі және аналық без.

Яндекс.Метрика