Жүкті әйелдің тіс күтімі қандай болуы керек?

image1_570_379_155
Жүктілік кезінде әйел ағзасында көптеген өзгерістер болады. Осы кезге дейін өзіне ғана арналған дәрумендермен ендігі жерде құрсағындағы сәбиі де ортақтасады. Бұл болашақ ананың бойындағы жетіспеушіліктің орнын қосымша дәрумендерді қабылдауы арқылы ғана толтыра алады. Темір жетіспеушілігі – анемияға, кальцийдің, фтордың, фосфордың аздығы – сүйек пен тістің босауына, шаштың түсуіне алып барады. Біз бұл мақаламызда адам сұлулығының кепілі – тістерді жүктілік кезінде де қалай сау әрі берік етіп сақтауға болатыны туралы айтамыз.

Тіс – ауыз қуысының бір бөлігі. Тістің беріктігі, ақтығы, саулығы кальцийдің жеткіліктігі мен жеткіліксіздігіне байланысты. Жүкті әйелдер арасында жиі кездесетін қиындықтардың бірі – қызылиектердің қанталауы. Әр тіс жуған сайын щетканың қызыл қанға боялғанын көргісі келетіндер көп емес шығар. Оны жүкті әйел гингивиті немесе пародонтоз деп атайды. Бұл әйел бойындағы гормональды өзгерістер салдарынан туындайды. Жүктілік кезеңінде пайда болған гингивиттен босанған соң толық айығуға болады. Мұндай жағдайда дереу дәрігерге жүгіну қажет. Сіздің тісіңіздің ауыру сипатына қарай қажетті ем-домды жасап береді. Жүктілік иммунды жүйені әлсірететіндіктен ауыз қуысында микроорганизмдердің өмір сүруіне қолайлы жағдай туындайды.

Микроорганизмдер жүрген жерде, бәрімізге белгілі, тіс жегі болсын, қызылиек аурулары болсын, тез қанат жая бастайды. Қайсысын болса да, жедел емдету керек. Тіс жегісін тоқтатпаса, жүйке жүйесінің пульпитіне немесе периодонтитке алып барады. Оны да емдеу қажет. Емдемесеңіз, өзіңіздің ауырғаныңыз былай тұрсын, нәресте ағзасына да инфекциясы түседі, одан болашақта балаңыз аллергиялық ауруларға бейім болады.
Жүктілік кезінде тісті емдеу қажет пе деген сұрақ туындайды. Қажет. Өйткені, енді ғана пайда бола бастаған аурудың алдын-алып емдетпесе, кейінірек емдейтін ештеңе таба алмай қалуыңыз ғажап емес. Қазіргі заманауи техникалар мен құрылғылар жүктілік барысында тісті толық қалпына келтіруге септігін тигізеді. Бұрынғыдай, балаға зиян саналатын рентген аппаратттарының да, тіс емдеу кезінде егілетін дәрілердің де зиянсыз түрлері шығарылған. Тек стоматологқа өзіңіздің жүкті екендігіңізді ескертсеңіз болғаны.

Жүкті кезеңде 9 ай ішінде стоматолог кабинетіне болашақ ана кем дегенде 3 рет бас сұғуға тиіс. Біріншісі – 20 аптаға дейін, екінші рет 20 мен 32 апта аралығында, үшінші рет 32 аптадан соң.
Ал, стоматологқа жиі көрінгіңіз келмесе, тіс проблемаларына ұшырамас бұрын қарапайым ауыз қуысын таза ұстау қағидаларын сақтасаңыз болғаны.

  • Тіс жуу. Тісті кем дегенде күніне екі рет жуу керек. Әр тістің арасын мұқият тазалап, тағамдардың қалдығының қалмауын қадағалаңыз.
  • Әр тамақтанудан кейін сумен шайып отырыңыз.
  • Тіспен қатар тіл, таңдай, ұрттарды да тазалап отырған жөн.
  • Құрамында кальций, фтор, фосфоры мол тағамдарды тұтыныңыз.

Дәрі-дәрмекке қоса, халықтық медицинада қолданылатын мына ем-шараны да байқап көруге болады. 1 шай қасық емен қабығын 1 стакан қайнаған суға салып, суытып қоямыз. Бұл тұнбамен күніне екі реет тамақтан соң ауызды шайып тұруға болады. Аптечкасында түймедақ гүлдері кездеспейтін әйел сирек. Дәл мына тұнба сондай жандарға арналған. Түймедақтың 1 ас қасығын 1 стакан қайнаған суға (оттан жаңа ғана алынған өте ыстық су болмағаны дұрыс) тұндырып қоясыз. Жылы болған кезде сүзіп алып, 1 шай қасық бал қосып араластырған соң күніне кем дегенде 3-4 рет шайып тұруға болады. Гингивиттің алдын-алу үшін қою демделген көк шаймен шайып тұрсаңыз, иек қанауын болдырмайсыз. Стоматит кезінде мыңжапырақтың 1 ас қасығын тұндырып, 15 минуттан соң сүзгіден өткізіп, ауызды шаясыз. Қырмызы, жалбыз, ақ бас жусан шөптерінен жасалған осындай тұнбалармен күніне 3-4 рет және түнде жатар алдында шайып жатсаңыз да, пайдалы.

Абзалы, жүкті болмай тұрып, стоматологқа көрінген дұрыс. Ауыз қуысында пайда болған, яки пайда бола бастаған ауруларды анықтап, алдын-алады. Сіздің ағзаңыздағы кез-келген ауырсыну белгілері балаға да әсер ететіндіктен, барлық тексерулерден мұқият өткен соң ғана балалы болған жөн.

Бірінші триместрде тек тіс жегіден тазалап, пломба салып, тісті тазалау процедураларын жасауға рұқсат берілсе, екінші триместрде рентгенді зерттеулер жасауға болады. Өйткені, бұл уақытта бала ағзасы сыртқы ортадан келетін қауіптерден қорғана алады. Тек арнайы рентген сәулелерінен қорғайтын алжапқышты әйелдің ішіне жабу керек.

Жүктілік кезеңінде құрамында адреналині бар дәрілерді салуға болмайды. Ағарту, протездеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілмейді. Жүктілік – сыртқат емес. Ал, пайда болған дертпен қорқынышсыз күресуге болады. Жүкті әйелдер есте ұстауға тиіс бір қағида бар: Тек сау әйелден ғана сау бала туылады.

Ұқсас мақалалр

Балаңыздың тісі ауырса…

Тісі саудың жаны сау

Comments 23

  • Ақыл тіс емес менде солай ойлап жүрдім сөйтсем шірік тісім екен ауыртып жүрген құлағыма дейін.Содан жұлдырып танышталдым енді емдеткен тісім ауырып жүр????????????????

  • 9ай болды. Но менде ешқандай белгі жоқ босануға деген. Тісім ауыра бастады енді????

  • Не істесем болады?

  • Айгерим,акыл тисте солай ауыртады менде 8 апта болганда ауырып исип кетти бетим тис етти жарып шыгамга дейин солай ауырады екен бетин тилдирттим шыгып келе жаткан тистин содан маздар жагып ем алдым жаксы болды

  • Саламатсыздарма? Менын жуктылыгыме 13-14 апта болды тысым ауырып шыдатпай жатыр не ыстесем болады акыл кенес айтыныздаршы

Яндекс.Метрика