Кеш токсикоз (соңғы токсикоз)

Кеш немесе соңғы токсикоз — жүктіліктің екінші жартысындындағы қауіпті асқынулардың бірі. Көп жағдайларда кеш токсикозды жүктіліктің бірінші жартысындағы ерте токсикоздың баламасы ретінде жүрек айну, құсу белгілерімен көрінеді деп санайды. Кеш токсикоз ерте токсикозға қарағанда қауіпті және қатерлі. Қатерлілігі – жүкті әйелдің өзіне сезілмейтін қан қысымының жоғарлауымен, жасырын ісікпен және зәрде нәруыздың (ақуыз) болуымен көрінетін ауру. Нәтижесінде, айтарлықтай зат алмасудың бұзылысынан, бірінші орында, ұрық жолдасы және ұрық зардап шегеді. Бала оттегі мен қоректік заттарды қажетті мөлшерде қабылдай алмайды. Бұл оның жүйке жүйесінде көрініс табады, кей кездері босануда жарақаттанумен журуі мүмкін. Кеш токсикоз кезінде жүкті әйелде тұз және су алмасу бұзылады, ағзада натрий мен су жинақталып, сонымен бірге қантамырлардың өткізгіштігі артып, қантамырлардағы сұйықтық тіндерге өтеді. Сонымен бірге қанайналым бұзылып, тіндердің оттегімен қамтамасыз етілуі және қоректенуі төмендейді. Өкінішке орай, кеш токсикоздың дамуына әсер етуші себептер көп. Міне, солардың ішінен ең негізгі себептері:
1. Бұрын жасалынған түсіктер;
2. Босану аралығының қысқалығы (2 жылдан кем);
3. Жасы; қауіп-қатер тобындағы 18 жасқа дейінгі және 35 жастан асқан әйелдер (репродуктивті жүйенің тіндерінде қартаю процестері басталады) әйелдер;
4. Кеш токсикоз жиі ашуланғыш, жұмысында тез шаршағыш әйелдерде жиі кездеседі. Осы әйелдердің қатарында: ұйым жетекшілері, студенттер мен телефон желісінің операторлары;
5. Кеш токсикоздың дені сау әйелдерде де кезідесуі мүмкін. Жүктіліктің 34-36 апталарында басталатын жағдайлар жиі байқалады. Токсикоздың даму себептері әркелкі, кейде күтпеген жағдайларда әкелуі мүмкін. Дұрыс тамақтанбау, күн тәртібінің сақталмауы, ЖРВИ-дің өзі кеш токсикоздың тудырып, жоғары күштеменің әсерінен адаптациялық механизмнің бұзылуына әкелуі мүмкін;
6. Кейбір созылмалы аурулар. Бұл кездері токсикоз жүктіліктің 20 аптасында көрініс беруі мүмкін. Мұндай токсикозға жүрек-қантамырлар аурулары, нефрит және пиелонефрит, гипертониялық ауру, жыныс мүшелеріндегі созылмалы қабыну аурулары, миома, семіздік, эндокрин жүйесінің әр түрлі бұзылыстары жиі себеп болады. Егер дәрігер ауруханада жатып емделуді ұсынса, қарсы келмеңіз. Бұл әрекетіңіз өз балаңыз үшін жасалатынын есте сақтаңыз! Кейде ауруханада жатып емделу көптеген жағдаяттардың алдын алып, болашақ ананың жағдайын айтарлықтай жақсартады. Созылмалы аурулары бар әйел де өз денсаулығына күтіммен қарап және жүктілікті жоспарлап, мамандардан сай емдеу курстарынан алдын ала өтуі қажет. Мұнда профилактика – басты көмек.

Кеш токсикоздың алдын алу үшін маңызды шаралар:

-жүктіліктің алғашқы жартысында жағдайыңыздың қалай болғанына қарамастан екінші жартысында ащы, тұзды, майлы, тәтті, кептірілген тағамдар мен шоколад және консервіленген өнімдерден бас тартуыңыз қажет;

– күніне ішілетін сұйық мөлшері 1-1,2 литрден аспауы керек (бұның ішінде сорпа, сүт, компот).

Кей кездері дәрігер сұйықтық мөлшерін 600-800 гр дейін шектеу қояды. Мысалы үшін, менде солай болды. Мен ерте және кеш токсикозбен ауырдым. Мен үшін тағам қолдану жоспарында диета сақтау қиын болғаны жоқ. Бірақ, кейін (жүктіліктің соңғы екі айы жаздың ыстық күндеріне сай келді) өзімді аз сұйықтық қолдануға үйрету қиын болды. Күндізгі уақытты ұйқымен өткізіп, кешкі уақытта, кей кездері түнде жұбайыммен бірге таза ауада серуендеп өткіздім. 24 жасымда, жүктілікке дейін мен өзімді толық саумын деп есептедім. Дәрігерлер бірнеше рет ЖРВИ-мен аурығандығымды және жалпы ағзадағы зат алмасу процестерінің өзгерістерін Менің кеш токсикозымның себебі ретінде есептеді. Менің аяқтарымның ісініп, өте көп мөлшерде салмақ қостым және қағанақ суының көп екендігі анықталды. Құсу және зәрде нәруыз болғаны жоқ. Емдеуші дәрігердің нұсқауымен екі апта ауруханада емделгеніме еш өкінбеймін. 

Мендегі токсикоздың нәрестеме әсері көрініс берді ма? Жоқ. Нәрестем жақында екі жасқа толады, денсаулығында ешбір ауытқулар жоқ. Болашақтада солай болады деп сенемін.

Кеш токсикоздың көріністері

Кеш токсикоздың бастапқы көріністерінің бірі — қатты шөлдің болуы. Жүкті әйел өте көп мөлшерде су ішеді, ал зәрі ішкен сұйықтығына қарағанда аз бөлінеді. Олардың көп мөлшері тіндерде ұсталып, жасырын ісіктерді тудырады. Сондықтан да өзіңізге ерік бермей, су және тұз мөлшерін шектеңіз.

Токсикоздың салдарын жеңілдету үшін сіз мынадай әрекеттерді істей аласыз:

– тәтті тағамдар мен ұн өнімдері сіз үшін емес. Өз рационыңызға қайнатылған ет және балық өнімдерін қосыңыз. Жиі өсімдік майы қосылған жеміс салаттарын, әртүрлі ботқаларды соның ішінде сұлыдан, ірімшік пен сүт-қышқылды тағамдарды көп тұтынуға тырысыңыз. Кептірілген жидектер, мүк жидегінен (клюква) жасалған қайнатпа пиелонефритпен жүретін жүкті әйелдерге өте пайдалы. Рационға итмұрынның қайнатпасы мен шәрбәтін, қара шетен жидегін қосыңыз. Дәрумендер, аскорутин және фолий қышқылы өте пайдалы;

– күн тәртібін сақтаңыз, күніне кем дегенде 8-9 сағатты ұйқымен өткізіңіз. Соңғы екі айда күндіз бір сағат көлемінде тынығуға уақыт бөліңіз. Міндетті түрде 2-3 сағат таза ауада серуендеп, физикалық жүктемелер мен уайымдардан алшақ болыңыз. Егер сіз дәрігер нұсқауы бойынша барлық ережелерді сақтайтын болсаңыз жүктілік кезі ешбір асқынуларсыз өтеді.

Әрбір жүкті әйел жүктіліктің 20 аптасынан бастап өзін басқару парағын жүргізуі қажет. Онда не жазылады?

1. Ең бастысы, дене салмағының артуы. Жүктіліктің екінші жартысының қалыпты ағымында жүкті әйел күніне 50 гр, ал аптасына 300-350 гр қосуы керек. Егер бұл саннан көп болса, онда кеш токсикоздың басталуымен байланысты (жасырын ісік). Бұл жағдайда кешіктірмей міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз. Дұрыс диета сақтап және ем қолданғанда кеш токсикоздың алдын алу мүмкін;

2. Ұрықтың қимылын бақылау. Ұрықтың қозғалысын байқаңыз: белсенді немесе әлсіз қозғалыс. Жатырдағы сәбидің жағдайы анасының денсаулығына ғана емес , көңіл күйіне де байланысты. Сәбидің жағдайын оның қозғалу жиілігімен бақылауға болады. 24-25 аптадан бастап аптасына 2 рет таңертең және кешке 30 минут шамасында төсек орында жатып, қолыңызды ішіңізге қойып бақылаңыз. Қозғалу санын жазып, келесі қабылдауда өз дәрігеріңізге көрсетіңіз. Егер саны тез ауытқыса, дәрігерге асығыңыз. Уайымға түспеңіз! Егер уақытылы түрде дәрігер қарауында болып, барлық нұсқаулар бойынша, тіптен ауруханада жатуға тура келсе де, әрекет етсеңіз, барлығы жақсы болады. Бастысы, баланың болашағын ойлап, онымен жақын арада кездесуіңізді күту!

Аударма. Түпнұсқа авторы: Елена Бакановская

Ұқсас мақалалар

Ерте токсикоз

Жүктілік кезінде кездесетін кейбір қолайсыздықтар

Жүктілік кезіндегі тамақтану

Аяғы ауыр әйелдердің дұрыс тамақтануы

Comments 5

  • Мына мағлұматты қалай озіме жүктесем болады?

  • Salemetsizbe juktilik kezinde taksikoz bolmayi mumkine

  • Салеметсиздерме! Жуктилик кезинде таксикоз болады. Казир аягым ауыр ешкандай тамакка заукым жок журегим айнып ишкен тамагымды кусып тастаймын. Даригерге коринген жокпын осыган кандайда бир дари дармек ишуге болама айтып жиберсениздер

  • Жанар. Дəрі ішуге болмайды.Ол балага зиян 3 айлыктан өткен соң таксикоз кайтып кетеді.

Яндекс.Метрика