ҚАРАҢЫЗ

Көз айналасының қарайып не көгеруінің себептері

Көз айналасындағы тері өте жұқа, тамырлар беткей орналасқаннан осылай болады. Көбіне сары, əппақ ботақандарда болады солай) Апасының Мединасындай.
Егер бала белсенді, тəбеті жақсы, асыр-салып ойнап жүрсе, аллергиясы жоқ болса, таза ауада күнделікті серуендеп, уақыттылы ұйықтап жүрсе, басқада шағымдары жоқ болса уайымдайтын дəнеңе жоқ)
Көз айналасының қарайып не көгеруінің себептері:
✓анатомиялық ерекшелігі
✓ұйқы жеткіліксіздігі, шаршағыштық(əсіресе мектеп оқушыларында)
✓отбасындағы келеңсіздіктердің бала психологиясына əсер етуі
✓ұзақ теледидар қарау, ұзақ компьютер ойнау
✓таза ауада жеткілікті серуендемеу
✓Теміртапшылықты анемия
✓Аллергия, аденоиды
✓көзін жиі уқалау
Егер, ұсынылған варианттардан өз себебібіңізді анықтай алмасаңыз дəрігерге көріну ешқашан артық етпейді.

Айдана Кеңесханқызы