ҚАРАҢЫЗ

Кесар тілігі (Кесар тілігі операциясы)

Кесар тілігі деген не? Әйел табиғи жолмен, өздігінен босана алмаса немесе әйел мен сәбидің өміріне қандай да бір қауіп төніп тұрса (мысалы, босану кезінде оттегі тапшылығы), кесаре тілігі жасалады. Ол дегеніміз жүкті әйелдің ішін жарып, нәрестені сол кесілген (тілінген) жер арқылы шығарып алатын хирургиялық операция. Операция алдын ала жоспарланған немесе шұғыл түрде болуы мүмкін. Алдын…

Read More

Балаға аяқкиім таңдау

Баланың аяғы ана құрсағында жатқанда алтыншы айда-ақ жетіле бастайды. Ал, 20 жасқа жеткенде қалыптасу процесі тоқтайды. Дүниеге келген соң алғашқы 2-3 жылда аяқтарының өте жылдам қарқынмен өсетіндігі соншалық, сатып алған аяқ киімдеріңіз тозбай жатып сыймай қалады. Сондықтан, балаңыздың аяғына дәл келетін аяқ киімді таңдау оңай шаруа емес. Әдетте, балаға 9-10 айға толған соң аяқ киім…

Read More

Босануды жеңілдететін медициналық шаралар

Босанатын кезде қолданылатын ауырсынуды сездірмейтін әдістер Бүгінгі күні босану кезінде ауырсынуды сездірмейтін дәрі-дәрмектер көптеген босану үйлерінде қолданылады. Жалпы наркоз өте аз қолданылады, тек төтенше жағдайлар туындамаса. Эпидуралды анестезия. Бүгінгі күні өте кең тараған әдіс. Ауырсынуды сездірмейтін зат жұлынды қоршап тұратын тығыз ми қабығының алдындағы кеңістікке ине және катетер (дененің қуысына енгізілетін қуыс тетік) арқылы енгізіледі….

Read More

Бала асырап алу

Асырап алу — балалары болмаған немесе жетім балаларға қомқор болу мақсатында басқа баланы асырау, қамқорлыққа алу әрекеті. Асырап алу әлемнің көптеген халқында бар. Қазақ халқында да бала асырап алу салты бар. Көп уақыт бойына нәрестелі болмаған ерлі-зайыптылар ата-аналарымен және өзара ақылдасып бала асырап алып

Read More

Босану қалай өтеді?

Босану қалай өтеді? Көбіне, босанатын уақыт толғақтан басталады. Толғақ – бұл жатыр мойнының ашылуына әкелетін жатырдың қысылуы. Олар бірнеше сағат бойы іштің төменгі жағында және бел жақта созылыңқы түрде, жиі қайталанады. Мұндай кезде әйел ішінің қатая бастағанын сезеді. Толғақ бірнеше секундқа созылады да соңынан жатыр босаңсиды. Бірінші толғақтар ауырсынуды сезінбегендіктен, байқалмай қалады. Толғақтың арасындағы үзілістерде…

Read More

Жыныстық қатынас (сұрақ-жауап)

Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас тақырыбы әйелді де, еркекті де алаңдатады, ойландырады, түрлі күмәндар тудырады. Асылында, көптеген жұбайлар үшін жүктілік кезінде жыныстық қатынас жасаудан қорқудың қажеті жоқ. Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас жасауға (жақындасуға)

Read More

Баланың ішінің қатуы қауіпті ме?

Емшектегі балалар арасында кездесетін аурудың түрі көп. Олардың бірі – іш қату. Іш қатқаны қандай да бір дерттің белгісі. Оған жүрдім-бардым қарауға болмайды. Аталған қиындыққа кез-келген ата-ана өмірінде кем дегенде бір рет бетпе-бет жолығады. Сондықтан, оны емдеуде дәрігер кеңесі артықтық етпейді. Тараз қалалық №2 емхананың балалар дәрігері Перуза Тәжібаева аналарға мынадай кеңес береді. Іш қату…

Read More

Болашақ аналарға арналған киім мен аяқ киім

Жүкті кезінде әр әйел (әсіресе бірінші сәбиі болса) киім-кешектерін жаңарту керек. Ең бастысы, киімнен талап етілетіндігі – ыңғайлылығы. Киім ішіңізді қыспауы керек, сондықтан қатты байланатын белбеулерден, стрейч-джинсылардан, сымбатыңызды айқындап тұратын шалбарлардан, қысып тұратын ішкиімдерден бас тартуыңыз қажет. Оған қоса, резеңкеден жасалған гольфи мен шұлықтарды кимеңіз. Теріңізге жақын тұратын киімдер (көйлек, ішкиімдер) табиғи гигроскопиялық маталардан тігілгені…

Read More

Ана сүтінің мөлшері мен сапасы емшектің өлшеміне тәуелді емес

«Егер әйелдің (бала емізетін ананың) емшегі кішкентай болса, баласын тойдырып емізе алмайды. Өйткені емшегі кішкентай анадан аз сүт бөлінеді» деген түсініктің бар екендігі белгілі. Оны аңыз десек те болады. Себебі әйел омырауынан бөлінетін сүт пен сүттің сапасы емшектің үлкен немесе кіші болуына байланысты емес. Әйелдің емшегінің басым бөлігі май ұлпаларынан тұрады. Ұлпалардың көлемі емшектің көлемін…

Read More

Босанатын күнді алдын ала анықтауға бола ма?

Босанатын күнді алдын ала анықтауға бола ма? Жүктілік пен босанудың мерзімін соңғы етеккірдің бірінші келген күнінен бастап есептейді. Осылайша ұрықтың гестациондық мерзімін анықтайды. Негізінде босанатын уақытқа қарай ол 280 күнді құрайды (40 апта немесе шамамен 10 ай). Сондықтан

Read More
Жүкті әйелдің гигиенасы, Жеке бас гигиенасы, гигиена

Жүктілік кезіндегі тазалық: әйел гигиенасы

Дене тазалығы Жүктілік кезінде ағзадағы жалпы гормональды өзгерістер мен қан айналысының көлемі артатындықтан, жүкті әйел тершең болады және қынаптан бөлінетін іріңді сұйықтың мөлшері көбейеді. Оған қоса, жыныс жолдарында пайда болатын тер мен шырыштың иісі өткір болады. Мұндай қолайсыз жағдайлардың алдын алу үшін және микробтардың көбеюін болдырмау үшін тазалықққа ерекше назар аударған жөн. Қарапайым суға түсу шараларын…

Read More

Баланың көз қылилығы туралы

Қыли, қылилық, гетерофория (strabіsmus) — көз ақауы, екі көздің көру бағытының бір нүктеде түйіспеуі. Егер сіздің балаңыз 6 айға толып койып, бірақ көзінің қылилығы кетпеген болса міндетті түрде дәрігер-окулситпен кеңескеніңіз жөн. Көп кешіктірмей ем қабылдаған дұрыс болады. Қылилықтың себептері Қылилық – бұл көздің көруін нашарлататын ауру. Қыли көздің бұлшық еттерінің қиысу қызметінің бұзылуы әсерінен пайда…

Read More

1 жасқа дейінгі баланың салмағы (массасы) мен бойы

Қалыпты жағдайда дүниеге келген сәбилердің салмақтары мен бойлары жыныстарына қарай әр түрлі болады. Мысалы, ер балалардың орташа салмақтары 3200–3500 грамм, орташа бойлары 49–52 см болады. Ал қыздарда басқаша: орташа салмақтары 3000–3300 грамм, орташа бойлары 48–50 см.

Read More