Monthly archives: Ақпан, 2011

Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас

— Жүктілік кезінде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма? — Әрине, болады, болғанда қандай! Жыныстық қатынас еркек үшін де, әйел үшін де табиғи тұрақтылықты сақтаудың тиімді жолы болып саналады емес пе?! Бірақ ескеруге тиісті бірнеше жағдайлар бар. Аяғы ауыр әйелдің ағзасында көптеген өзгерістер болады. Солардың бірі — жыныстық қатынасқа байланысты сезімдер. Қалыпты жағдайдағы жыныстық қатынас пен жүктілік …

Ана терісінің қыс мезгіліндегі күтімі

Қыстың күндері дала суық болғанымен таза ауада тыныстап, күн сәулесіне бір сәт болса да шығу ана мен бала үшін өте маңызды жағдай. Әсіресе, жас сәбидің сүйектерінің дұрыс дамуы үшін күн сәулесінің атқарар қызметі өте зор… Ауа температурасы нөлден төмен болғандықтан теріге біраз күш түседі. Сондықтан тері жазғы уақытқа қарағанда біраз көңіл бөлуді қажет етеді.

Жүкті әйелдердің емшек күтімі

Адамзат баласы ер мен әйел болып жаратылғалы екеуінен өрбитін ұрпақтың болатыны аян. Әйел адам баланы тоғыз ай бойы құрсағында көтеріп, дүниеге әкеледі. Жүктілік кезінде әйелдің емшектері толысып, дөңгелек пішінге ене бастайды. Бұл ері мен әйелінің қуанышы десек те болар. Өйткені әйелдің

Токсикоз ауруы: ерте токсикоз

Токсикоз деген не? Болашақ ананың құрсағына ұрық бітіп, ұрықтың көлемі өзгергенде, әйелдің ағзасында өзгерістер болады.  Денсаулық жағдайының ауытқып тұруына байланысты аяғы ауыр әйелде токсикоздар пайда болады. Оның негізгі себебі — метаболизмнің (ағзадағы зат алмасу) бұзылуы. Токсикоздың екі түрі бар: алғашқы (ерте) токсикоз және соңғы (кеш) токсикоз. Алғашқы (ерте) токсикоз жүктіліктің алғашқы кезеңдерінде болады, 6-аптадан бастап 12-аптаға …

Бесік жыры туралы

Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем. Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін, Байқұтанның құйрығын Жіпке тағып берейін, Әлди, әлди, ақ бөпем… Бесік жыры баланы бесікке бөлегенде тынышталуы үшін, ертерек ұйықтауы үшін айтылатын жыр. Бұдан бөлек, бесік жырының баланы тәрбиелеудегі тәрбиелік маңызы өте зор. Бесік жыры қазақ халқынан басқа әлемнің басқа да халықтарының фольклорында …

Емшек безінің қатерлі ісігі (Емшек безінің рагы)

Емшек безінің рагы, емшек безінің ісігі, емшек безінің қателі ісігі, сүт безінің рагы, сүт безінің қатерлі ісігі Уақыт өткен сайын жер-жерлерде қатерлі ісік (рак) ауруларына шалдыққандар саны артып жатыр. Бастапқы сатысында (деңгейінде) ешқандай құрал-жабдықсыз анықталуы қиын мұндай кеселдердің орта деңгейден асқанда ғана анықталып жататыны белгілі. Қалай болғанда да, ауырып ем іздегеннен ауырмайтын жол іздеген дұрыс. …

Жүктілік кезіндегі тамақтану

Жүктілік кезіндегі дұрыс тамақтанудың маңызы қандай? Аяғы ауыр әйел үшін тамақтың мөлшері емес құнары маңызды. Іштегі ұрық әйелдің жеген тамағындағы құнарлы заттар арқылы қоректенеді. Жүктілік кезінде спиртті ішімдік ішу орны толмас кемшіліктерді тудырады. Сондықтан, алкогольді ішімдіктер мен улы тағамдардан сақтанған жөн. Сізге зиян

Яндекс.Метрика