Monthly archives: Қаңтар, 2012

Балаларда жиі кездесетін ангина

Ангина (асқынған тонзиллит) — балалар үшін өте қауіпті инфекциялық ауру, таңдай (көмекей) бадамшаларының қабынуынан болатын ауру. Көп жағдайда күз бен қыс мезгілдерінде балаларда аденовирустардың салдарынан пайда болып, жаурап қалғанда күшіне енетін ауру. Сонымен қатар, бала организміне қасында жүрген адамдардан да жұғуы мүмкін. Ангина ауруының белгілері. Жалпы ангинамен ауыра бастағанда бала әлсіреп, басы ауырады,

Балаңыз ерке болса не істеу керек?

Көз алдыңызға мынандай жағдайды елестетіп көріңізші: сіз жұмысқа асығыс жиналып жатырсыз, ал сіздің сүйікті балаңыз себепсізден-себепсіз еркелеп, жылап, есерлене мінез көрсете бастайды. Сіз не істеріңізді білмей, дал боласыз. Немесе бала тамақ ішуден бас тартады, айқайлайды, қасықты лақтырады, тыныштандырамын деп жасаған әрекетіңізден ешқандай нәтиже шықпайды. Кейде бала ұйықтамаймын деп те қиғылық салады. Тіпті түннің ортасында айқайлап …

Гиперактивті балалар туралы

Гиперактивті бала – өте көп қимылдайтын (қозғалатын), шаршауды білмейтін, айтқанға көне бермейтін, басқа балалардан мінез-құлқы мен қимылы өзгеше бала. «Гипер» сөзі «шамадан тыс жоғары деңгейде» дегенді білдіреді. Кез-келген баланың өмірінде ашуланатын уақыттары болады. Мәселен, ұйықтайтын уақытта төсекте байбалам салады, дүкенде еркелеп, айтқанды тыңдамайды. Бұл баланың зеріккендігін білдіруі мүмкін, бірақ тек гипербелсенділіктің белгісі емес.

Тұйық мінезді балаларға арналған жаттығулар

Жалғасы. Басы: Балаңыздың мінезі тұйық болса Баланының мінезі қалай тұйық болады? Баланың психологиялық және эмоциялық күйін Роршах (швейцарлық ғалым) тесті арқылы анықтауға болады. 5-6 жастағы балаларға жүргізуге ұсынылған. Шарты мынандай: бала қағазға орналасқан он симметриялы суреттен (дақ түрінде) кез келген фигураны байқап қалуы тиіс. Тесттің шешімі күрделі, оны маманмен жүргізген дұрыс. Бірақ ата-аналардың да жүргізуіне …

Баланың мінезі қалай тұйық болады?

Сонымен, отбасында өзін жалғыз сезінгендіктен балаңыздың мінезі тұйық болады. Ата-анасының өзімен әңгімелесуден қашатынына, бірдеңені сылтауратып кетіп қалатынына, әңгімесінің қызықсыз екенін ашық айтқанына әдеттенген соң, бала өзінің көңіл күйін, қайғысын білдірмеуге, ішінде сақтап қалуға үйрене бастайды. Ол ата-анасымен сөйлесуге тырыспайды, ал егер одан бірдеңе сұрай қалсаң, қысқа ғана жауап береді.

Қынап туралы не білеміз?

Қынап (орыс.: влагалище; лат.: vagina) — әйелдің ішкі жыныстық мүшелерінің бірі, түтік тәрізді болып келеді, қыздық пердеден жатыр мойнына дейінгі аралықты алып жатыр.  Жатырдың қалыпты жағдайдағы ұзынды 7-12 см құрайды.

Әйелдің репродуктивті жүйесі

Әйелдің репродуктивті жүйесі немесе әйелдің жыныс мүшелері дегеніміз көбейіп, ұрпақ жалғастыруға жауапты мүшелердің жиынтығы. Әйелдердің репродуктивті жүйелері ішкі және сыртқы жыныс мүшелерінен тұрады. Бұл жүйе әйелдерді еркектерден ерекшелеп тұрады, яғни әйел жыныстылардың анатомиясына ғана тән ерекшелік болып табылады.

Жатыр миомасы

Жатыр миомасының түрлері

Жатыр миомасы (орыс.: миома матки; лат.: uterus myomatosus) – жатырдың бұлшықеті қабатының айналасында орналасатын қатерсіз ісік. Жатыр миомасы әйелдерде ең көп кездесетін қатерсіз ісік түріне жатады. Әйелдердің шамамен 40% осы аурумен ауырады, бірақ олардың көбісі білмейді. Себебі, әдетте, аурудың ешқандай белгілері болмайды. Жатыр миомасының пайда болуы жатыр жасушаларының белсенді бөлінуіне байланысты. Бұл құбылыстың себептері әлі толық …

Балаңыздың мінезі тұйық болса не істеуге болады?

Бала мінезінің тұйық болуының себептері өте көп. Біріншіден, баланың психологиялық ерекшелігіне, жан дүниесінің нәзіктігіне, ішкі әлемінің тереңдігіне, физикалық кемістігіне байланысты болуы мүмкін. Мұндай бала жалғыздықты қалайды, ол жалғыз өзі ғана істейтін жұмыстарды орындайды. Мұндай жағдайда ата-аналары баласына аса сақ және сергек болуы керек. Сондықтан «оған бірдеңе болды, бір жері ауырып жүр» деп

Баланы емшектен шығару үшін не істеу керек?

Ананың сүтінің бала үшін ең маңызды және ең пайдалы екенін әр ана жақсы біледі. Бірақ ана қаншама қаласа да, емшектен шығару кезі келеді. Ол ананың денсаулығына байланысты болуы мүмкін, немесе жұмысқа шығу кезіне байланасты болуы мүмкін, не болса да, ол — психология және физиология жағынан өте қиын қадам.

Жүкті әйелдерге керекті кеңестер

Қыз баласы ақ отауға келін болып түскеннен бастап – келіншек атанады. Жас келіншектің бақытты да керемет шағы – жүктілік кезеңі.Ең алғаш бойыңа бала бітіп, тіршіліктің бар екенін сезініп, көтеріп жүру — бақыт. Кейбір жағдайларда, жүкті әйелдердің алғашқы айларында, токсикоз басталады. Ол кейде 2-3 айға, тіпті туғанға дейін созылады.

Жүктіліктің үшінші триместрі

Жүктіліктің 3-інші триместрі — жүктіліктің ең соңғы кезеңі (триместрі). Екінші триместр мен үшінші триместр аралығындағы шекті әр маман әр түрлі орнатады. Үшінші триместрдің басталуын біреулері 24 аптадан бастаса, енді біреулері 26 аптадан, тіпті 28 аптадан бастап санайтындар да бар. Алайда үшінші триместр етіп соңғы 14 аптаны (соңғы үш ай) алған дұрыс болар.

Яндекс.Метрика