Толғақ қысқанда не істеу керек?

Толғақ деген не? Ол қашан болады?

Толғақ дегеніміз белгілі бір уақыт аралығында қайталанып отыратын жатырдың жиырылу процесі, құбылыс. Толғақ — табиғи құбылыс, босанудың басталғандығын білдіреді. Толғақ кезінде іштің төменгі жағында немесе бел аймағында созылмалы ауырсынулар болады. Олар алғашқыда әлсіз, жиіліктері 10-12 минутты (кей жағдайда жарты сағатқа дейін жетеді), ұзақтығы бірнеше секундты құрайды. Кей жағдайларда жиіліктері бірден 5-6 минуттан басталады. Уақыт өткен сайын толғақтың ауырту күші артып, жиілігі бірнеше минутқа дейін азаяды, ұзақтығы артады (бірнеше минутқа созылады).

Толғақтың белгілері қандай болады? Толғақ болғанда, нағыз, яғни шынайы толғақ, босанар алдындағы толғақ.

Толғақтың басталғандығын босану мерзімінің таяп қалуынан, ауырсынулардың периодты түрде қайталанып отыруынан, қынаптан қоңырлау түсті қан аралас шырыштың бөлінуінен білуге болады. Шырышты бөліну жатыр мойнын бекітіп тұрған «тығын» болып саналады.

Толғақтың өтірік (жалған) түрі де бола ма?

Иә, болады. Жалған толғақ барлық жүкті әйелде кездесе бермейді. Жалған толғақ Брекстон-Хикс толғағы деп аталады.

Толғақ қысқанда не істеу керек?

Толғаққа, босануға алдын ала дайындалу керек. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының талаптарына сай перинеталдық орталықтар мен перзентханаларда алғаш рет босанғалы жатқан әйелдерге және босану кезінде олардың жанында болатын жақын адамдарына арналған курстар мен дайындық сабақтары жүргізілу керек.

Сонымен, толғақ қысқанда мынадай әрекеттерді істеу керек:

  • толғақ басталғанда көбірек қозғалыңыз. Қозғалыс толғақтың қысқа уақытқа созылуына себеп болады. Өйткені қозғалыс кезінде жатырдың ауызы жылдамырақ ашылады.
  • өзіңізге қолайлы қалыпта отырыңыз (жатыңыз);
  • толғатулар арасында тынығып алыңыз немесе тыныш күйде болыңыз;
  • жаныңызда көмектесетін адамдар болса, жылы сулы ванна қабылдаңыз, 10 минуттан көпке созылмасын;
  • омыртқаның құйымшақ (сегізкөз) тұсына массаж жасау арқылы толғақ барысындағы ауырсынуларды жеңілдетуге болады.

Толғатудан алдын ала қорқып жүрудің салдары толғақ кезінде қосымша ауырсынулар мен ауырсынулардың ұзақ болуын тудыруы мүмкін. Сондықтан толғақ кезіндегі қиындықтардан қорықпау керек. Қорқыныш толғақты қиындатпаса, жеңілдетпейді.

Толғақты жеңілдету үшін дәрі-дәрмек пайдалануға бола ма?

Егер босанушының жағдайы ауыр болып, өз еркімен босануға мүмкіндігі болмаса, қосымша дәрі-дәрмектер арқылы оңай толғатып, босанады. Бірақ күшті әсер ететін дәрілердің жанама әсерлері де күшті болады. Әйел қабылдаған дәрінің зияны балаға да тиеді. Сондықтан, аса ауыр жағдайлар болмаса, ешқандай дәрі-дәрмексіз-ақ толғату керек.

Ұқсас мақалалар

Босанатын күнді алдын ала анықтауға бола ма?

Брэкстон-Хикс толғағы деген не?

Бойға баланың бітуі қалай жүреді?

Жасанды толғақ деген не?

Босанғаннан соң ауыр зат көтеруге бола ма?

Кесар (кесарево) тілігінен соң табиғи жолмен босануға бола ма?

Жүктілікке және босануға байланысты демалыстың берілу тәртібі қандай?

Яндекс.Метрика