Ана болуға дайынсыз ба?

Сіз болашақ ана болуға дайындалып жүрсіз.  Сіз бәрін басқаша елестетіп бақытты күндерді күтесіз, онымен қоса жиі мазасызданып, күйзеліске түсесіз, сізде өзіңізге тән емес күйде боласыз. 280 күн ішінде қосылған екі клеткадан, микроскоппен ғана көрінетін ұрықтан адам өсуге тиіс екенін еске алыңызшы.     Тіпті осы ұрықтың қалыптасып, дамуы үшін ана организмінен барлығын алуға тура келетінін айтсаңызшы! Өйткені ананың биологиялық жүйесі мен нәресте тығыз бірлікте тіршілік етеді. Сондықтан ананың кез-келген ауруы, оның шаршауы, дұрыс тамақтанбауы, режимді бұзуы болашақ балаға қатты әсер етеді. Ананың қобалжуы, біреумен ренжісуі, күйзеліске ұшырауы бала үшін, «бәрі бір» емес. Сезімдік күйзеліс қан тамырының түйілуіне соқтыратыны белгілі, ол нәрестенің қанмен жабдықталуын кемітеді, оған оттегінің жетіспеу қаупін тудырады. Сезім күйзелісі жиілеген сайын түйілу де күшейеді, нәресте де ауыр зардап шегеді, оттегі оның дұрыс өсуі үшін, бәрінен бұрын миының жетілуі үшін қажет. Мұндай қобалжулар бала жолдасының қыртыстанып, перзент шуының (қабының) ерте жыртылуына, мезгілінен бұрын босануға итермелейді. Кез келген психикалық жарақаттың әсері, оның күші мен дәрежесіне ғана байланысты емес, сонымен бірге оны ананың қалай қабылдауына  да байланысты екенін білгілі. Әйел жүкті кезде оның нерв жүйесінің сезімталдығы шамадан тыс артады, әдеттегі кезде өте ұстамды қабылдайтын жағдайды, енді ерекше сезіммен, сонан соң қан тамырларының қозуымен қабылдайды. Сын кезіндегі қобалжу жас әйелдердің нерв жүйесі үшін дағдылы нәрсе болса да, осы жағдайда олар ерекше тітіркенгіш, кейігіш келеді. Болашақ анаға ерекше қарым-қатынас, психологиялық ерекше жағдай, ілтипатты көңіл керек. Аяғы ауыр кезінде әйелдің тынышын алатын не? Босанған әйел қиналудан, болашақ баланың аман-есен дүниеге келуінен қорқу бүгінгі әйелдерге тән емес, олар аналары мен әжелеріне қарағанда аз уайымдайды. Бірақ аналардың өз үйіндегі әрбір күні үнемі қобалжумен, ұрыс-керіспен өтетін болса, ертеңгі босанатындарға екіқабаттық мезгіл ойдағыдай өтеді, деп дәрігер де айта алмайды. Сол себепті болашақ аналардың көңіл күйіне аса мән беру қажет.

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика