Қарақат қосылған пирог

Бізге қажетті қоспалар:
1,5 стакан + 1,5 ас қасық ұн
125 г сары май
220 г шекер
1 шай қасық разрыхлитель
шымшым тұз
3 жұмыртқа
1 шай қасық крахмал
600 г қарақат

1.Ең бірінші 1,5 стакан ұнды сары маймен бірге майдалаймыз.
2. Оны ыдысқа саламыз, оған 100гр шекер, 0,5 шай қасық разрыхлитель жəне шымшым тұз қосамыз. Ақуызды сарыуыздан бөлеміз, ақуызды — тоңазытқышқа, сарысын — ұнға қосыңыз. Қамырды қолыңызбен илеңіз, сонда ол бірден бірігеді. 3. Одан шар жасаймыз, пищевой пленкаға ораймыз, жарты сағатқа тоңазытқышқа қоямыз. Мұздатқыштағы қарақатты дуршлагка салып, кайнаған сумен жібітеміз. Сосын оны майлыққа қоямыз, аздап кепсін.
4. Суыған белоктарды қозғаймыз.
5. Сосын оларға жаймен қалған шекерді, разрыхлительді, ұнды жəне крахмалды қосып, жаймен араластырамыз.
6. Духовканы 180 градуска қыздырамыз. Түбі мен шет шетіне сары май жағамыз. Тоңазытқыштағы қамырды аламыз, оны қолымызбен форманың түбіне орналастырамыз. Қамырға начинка саламыз. 7.Пирогты 25-30 мин көлемінде пісіреміз. Бірінші 15 минутында 180 градуста, сосын 150 градуска дейін төмендетеміз. Пирогты кесу алдында суытып алыңыз. Ас болсын!

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика