Мастит және оның алдын алу

Мастит, емшектің қабынуы, Мастит туралы, Мастит деген не?

Мастит – сүт безінің қабынуы. Ірің тудыратын микробтардың сүт бездеріне түсуінен (әдетте емшек үрпінің жарылуынан) пайда болады. Көбінесе бала емізіп жүрген әйелдер ауырады. Мастит кезінде температура 39°С-ге дейін көтеріліп, әйелдің жалпы жай-күйі нашарлайды, басы ауырады. Зақымданған сүт безі екінші тәулікте бұрынғыдан да қатайып, қатты ауырады, қызарып ісіп кетеді. Мастит көбінесе бірінші рет босанған әйелдерде болады. Себебі олардың емшек үрпінің (ұшының) терісі нәзік, тез зақымданғыш келеді. Оның үстіне жас ана көбіне дұрыс емізе алмағандықтан, бала сүтті тауыса ембейді, сондықтан емшектің үрпі оп-оңай зақымданып жарылып кетеді. Сондай-ақ, қолмен дұрыс сауа алмаған жағдайда, арнайы гигиена сақталмаса да маститтің пайда болуы ықтимал.

Маститті болдырмау үшін не істеу керек?
Әйелдің емшегінің үрпі жалпақ немесе тым келте болса, ол бала емізуге қиындық келтіреді. Екіқабат болған алғашқы айдан бастап тиісті шаралар қолданса, емшек үрпінің формасын өзгертуге болады. Екіқабат кезде емшек бездеріне айналдыра массаж жасау керек. Мұндай массажды әйелдің өзі де істей алады. Ол үшін қолды жылы сумен сабындап жуып, содан сол бір қолмен сағат тілінің бағытымен емшек безін жайлап сипау қажет. Екіқабат кездің екінші жартысынан бастап желдеткішті ашып қойып немесе күні бұрын бөлмені желдетіп, 10-15 минут бойы төсекте кеудені жалаңаштап, ауа ваннасын қабылдау өте пайдалы.
Әсіресе босанғаннан кейін төстаңғышты күн сайын ауыстырып, төсін мұқият жауып (жылы сумен, балалар сабынын пайдаланып), арнайы сүлгімен сүртіп отырудың маңызы ерекше. Мұны емшек үрпі жарылып кетпейтіндей еппен атқарған жөн.

Үрпідегі жарық (үрпінің жарылуы)
Үрпідегі кішкене ғана жарықтың өзінен инфекция кіруі мүмкін. Үрпінің айналасындағы жұқа тез зақымданғыш тері сүт келген кезде құрғайды да, жарық пайда болды. Олар баланы дұрыс емізбегеннен болады. Бала туылған алғашқы уақытта баланы 10-15 минут қана емізген жөн. Себебі бұл кезде балаға аз мөлшердегі сүт жеткілікті. Кей жағдайда, бақытты жас ана баласын 40-50 минут тоқтаусыз емізеді, соның салдарынан әйел үрпісінің ондайға дайын болмағандықтан жарық пайда болады.

Емізу кезіндегі ережелер:
Емізер алдында және емізіп болғаннан кейін емшек үрпін қайнаған сумен жуып, немесе бор қышқылы ерітіндісіне малынған тампонмен сүртіп отыру қажет. Емізген кезде бала емшек үрпін ғана емес, сонымен бірге емшек үрпінің айналасын да қамти сорғаны дұрыс. Емген сайын емшек үрпінің қалып қойған сүтті толық сауып тастаған жөн. Емшектің үрпі жарыла бастаған кезде немесе сүт бездері ісінген жағдайда, сондай-ақ қатайып, әсіресе қызарып, ауырып, дене қызуы көтерілгенде (маститтің басталуы) дереу дәрігерге қаралу керек.

Мастит кезінде баланы емізу қажет па?
Бұл сұрақ емізулі аналарды алаңдататыны белгілі. Алайда аурудың қай кезең болмасын дәрігерлер емізуге болмайтынын айтады. Өйткені, сүтте ауру тудыратын бактериялар болуы мүмкін, ол балада дисбактериоз тудыруы мүмкін. Сонымен қатар маститті емдеу антибиотиктер қолдану арқылы жүзеге асырылады, ол да балаға қауіпті.

Ұқсас мақалалар

Сәбиді емізу барысында кездесетін қиындықтар

Жүкті әйелдердегі қаназдық ауруы

Баланы емшектен шығару

Ана сүтінің құрамы мен қасиеттері

Comments 31

  • Саламатсыздар ма?мен осыдан 4ай бұрын мастит болган едим,соитип кесилген жерлер енди бителип жатыр. Менин кояр сұрағым :мастит болган адам екинши бала көтергенде ауырмайма жане сут шыгама? Жане тагы бир сурагым үш күн болды мастит болган он жагымдагы емшегим тагы туйндеп турган сиякты устасам ауырады. Кайта туйндеп ирин пайда болуы мумкин бе? Сұрақтарыма мардымды жауап кутемин. Рахмет.

  • menin emwegimnin uwi wigip turad i ustasan auiradi jane emwegimnin asty jaktary auirad massaz zhasaim kunde sonda da auirad, turmista emespin birak kiz emespin,jigitpen bir ak ret bolgam 1jildai boldy jigitpen kosylmaganima alde sol uwin auirama.Sosin emwek uwinda ak birdene katyp turad.Korkyp jurmin .

  • Куйеуине устаса,емсе зяны жок па ?билетин адам болса айтсаныздар алде устатпау керек па

    • Әйелінің сүтін емуге болмайды. Ол үлкен күнә болады.

  • Мен 2015ж.сол жақ омырауға операция жасаттым,фиб.кистоз.мастопатия.содан кейін,аяғым ауыр екенін білдім үшіншіме,шүкір босандым,қазір жастан асты,емеді.Кейде омырау ауырады,бала емгенде ұш жағы ауырады.неліктен?мастопат.қайталануы мүмкін бе?

  • Саламатсыздарма.1шы котергенымде балам ишымде олып калды 3айлык кезде. Наркоз салып аборт жасады содан сон 4ай емделып.2шы баламды котерып аман есен дуниеге акелдым бырак балам тулганда мулдем кокрек алмай койды оны устне кокрегымнын ушы жок еды сол себепты алмады деп ойлаймын.Сонымен жылай берген сон доктор смес бер деды НЕСТАЖЕН соны берып журды радомда.радамда жатканымызда сут келмеды уйге шыкан сон 4куны келды бырак балам ембеды бутулкага сауып берып журдым . Сосын кокрегым катып калды массаж жасап орнына келтырдым. 1айдан сон сутым тартылыр кеты . Кокрегымде сут болатын бырак аз молшерде .4айдан сон 3баламды котерып койдым. Казыр кызым 4айлык басында кокрегым жарлып катып калып журды озым уй жагдайында массаж жасап емдедым. Енды казыр сол жак кокрегым жргаргы жагы ауырып жатыр устасам ишынде катты бирденке бар сиякты массаж жасасам койып калады. Быраздан сон тагы устасам ауырады ! Устамай журсем ауырмайды жайган аздап сыздап кояды.устасам ган ауырады ! Не себеп ауырады калай билсем болады ? Алдын ала рахмет

Яндекс.Метрика