Нутелла торты

 

Қажетті  заттар:

Қамырына:
-5 жұмыртқа
-1 ст қант
-3 а.к бал
-100 гр сары май
-2 ш.к сода (2 ш.к уксуспен сондырыныз)
-5 а.к какао
-4-5 ст ұн

Креміне:
-1 жұмыртқа
-2 ст кант
-1 ст ұн
-1 л сүт
-40 гр сары май

 

Камырының жасалуы:
-жұмыртқа, сары май, бал, сода, қант және какаоны қосып араластырыңыз, сулы парға 5-7 минутқа қойыңыз, мұқият араластырып тұрыңыз
(сулы пар-быр ыдысқа су кұйып, газда қайнатыңыз, су қайнаған соң үстінен қамырға қажетті заттар тұрған ыдысты қойыңыз, ыдыс суға тиіп тұрмауы керек)
-5-7 минуттан соң газдан алып, шамалы суытыңыз
-сосын ұнды қосып, жұмсаұ қамыр жасаңыз
-қамырды бірдей етіп 5-6 бөлікке бөліңіз
-аз мөлшерде майланған противеньге бір бөлікті қойып, жіңішке етіп жайыңыз
-180 градуста 3-5 минут пісіріңіз (бірінші бөліктен соң қараңыз неше минут тұрғанын, қалған бөліктерді де осылай пісіріңіз)

Кремінің жасалуы:
-жұмыртқа, қант және ұнды қосып араластырыңыз
-газға қойыңыз
-ақырындап сүтті құйыңыз (мукият араластыра отырып)
-сут ыстық болған соң (қайнатпаңыз) газды орта температураға қойыңыз
-біркелкі  крем болғанға дейін мұқият араластырып тұрыңыз (қою крем болғанға дейін)
-крем дайын болған соң газдан алып, жұмсақ сары майды қосып, миксермен жақсылап араластырыңыз
-кремді  шамалы суытып қойыңыз

Торт:
-торттың ар қабатына крем жағып, бір-бірінің үстінен қойыңыз
-тортты тоңазытқышқа 2-4 сағатқа қойып қойыңыз. Торт дайын! Ас дәмді  болсын!

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика