Вупи Пай торты

Құрамы:
160 гр (қазақстан шоколады)
4 жұмыртқа
Қант 150 гр
Сары май 70 гр
Сүт 0,5 стақан
Жарты лимонның шырыны
Какао ұнтағы 2 ас қасық толтырып
Ұн 280 гр
Қамыр қопсытқыш 13 гр (разрыxлитель)

Дайындалуы:
1.Сары май мен шоколадты (водяной баня) да ерітеміз.(сутамыз)
2.Жұмыртқамен қантты қосып,миксермен абден шайқаймыз.Көпіріп массасы 2 есе ұлғайғанша.
3.Бөлек ыдысқа ұнды,какаоны,қамыр қопсытқышты қосып араластырасыз.
4.Жылы сүтке лимон шырынын қосып араластырып,5 минутқа қойып қоясыз.
5.Миксермен шайқаған жұмыртқаларыңызға сүтті аөырындап құйып,ағаш немесе силиконды қасықпен араластырасыз.Одан кейін суыған шоколадыңызды жайлап құя отыра араластырасыз.Ұныңызды елгезерден аздап өткізе отыра,ақырындап (байқап)астыдан үстіге қарай аудара,араластырасыз.(ұныңыз біткенше)түйіршіктер қалмасын.
6.Қамырыңызды 4 теңдей бөлікке бөліп пергамент қағазы төселген формаңызға құйып,180 гр қызып тұрған пеште шамамен 15 мин пісіресіз.(пешіңізді сол уақытқа дейін аша бермеңіз).Сіріңке тығып піскен піспегенін байқаңыз.Піскен корждардың шетін пышақпен өткізе отыра формадан ажыратамыз.Сол бетте бір бірінен бөлек суытамыз.Дайын
Ганаш:
60 гр сары май немесе сливки (сұйықтығына байланысты)
Шоколад 140 гр
Бірге қосып,(Водяной баня)да ерітесіз.

200 гр маскарпоне
300 гр сүзбелі ірімшік
600 гр кілегей 33%
180 гр қантты ұнтақ
Барлығы салқын болу керек. қантты ұнтақтан басқасы.Ыдысыңызға барлығын салып алдымен аз жылдамдықта миксермен шайқап,сосын жылдамдығын аздап көбейте отырасыз қоюланғанша.

Пікір жазу

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика