Жаздың күні шашты күн сәулесінен қорғау

Жаздың ыстық күнінде шаштың басты жауы – бұл күн сәулесі.Оның сәулелері шаш құрылымында протеин байланысын бұзады, бұл дегидратацияға, икемділік пен күштің жоғалуына әкеледі.
Бірақ шаштың күн сәулесінен қорғаудың жолдары жетерлік,оның бірі – жеңіл көлеңке қалпақшалары. Айтпақшы, егер сіз жазда қаладан теңіз жағасына кетпесеңіз де қалпақшалардан бас тартпаңыз.Сонымен қатар, олар қалпақшалар – қазіргі таңда сәнде екенін ұмытпаңыз.
Қалпақшалардан бөлек жеңіл орамалдарды сәндеп басыңызға тағып алсаңыз шашыңыз күн сәулесінен қорғалатын болады.
Келесі міндет – шашты ыстық күн, жел соғу, теңіз тұзы үшін де қорқынышты әсерлерден қорғау үшін,интенсивті ылғал мен ультракүлгін фильтрлерге арналған сусабындар, маскалар және спрейлер пайдалансаңыз болады

Яндекс.Метрика