Анар және киви қосылған бисквитті торт

БИСКВИТ ҮШІН:

✖ Жұмыртқа — 5 дана
✖ Кумшекер — 1 стақан
✖ Ұн — 1,5 стақан
✖ Ванилин — 1 пакет
✖ Разрыхлитель — 1 пакет

КРЕМІНЕ:

✖ Cүт — 0,5 литр
✖ Ұн — 1 асқасық
✖ крахмал — 1,5 асқасық
✖ қант — 3-4 асқасық

АРАСЫНА:
✖ Киви — 3 дана

ҮСТІНЕ:
✖ Анар — 2 дана

Дайындау жолы:

🍒 Алдымен 5 жұмыртқамыздың ақуызын сарыуыздан бөліп алып, құрғақ ыдысқа салып, миксермен араластырамыз, ақуызымыз көпіре бастағанда қантымызды саламыз = шамамен 5 минут араластырамыз, ыдысымызды төңкергенімізде ыдысқа жабысып туруы қажет.

🍒 Енді сарыуызымызды қасықпен араластрып, ақуызымызға саламыз = ағаш қасықпен төменнен жоғары қарай абайлап араластырамыз. Ұнымызды разрыхлительді ванилинді ситодан өткізіп, жұмыртқаларымыздың үстіне салып,оны да ағаш қасықпен төменнен жоғары қарай абайлап араластырамыз, формаға салып, 180 дәрежеде 30-35 минут пісіреміз.

🍒 Кремін дайындаймыз сүт ұн крахмал қант =отқа қойып үнемі араластырып тұрамыз,қоюланғаннан кейін, тағы да 2 минут оттың астын басып қайнатамыз

🍒 Бисквитімізді 2-ге бөліп, арасына кремнің жартсын құйып, кивилерімізді тізіп қоямыз. Үстін бисквиттің екінші бөлігімен жауып, қалған кремімізді төгіп, жан — жақтарына да жеткіземіз. Үмтін тазаланған анарлармен әсемдейміз

АС БОЛСЫН!

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика