Тәтті бəліштер

✔ Қамырына:
🔹 ұн 500-600г
🔹 қант 80 г
🔹 сары май 80г 🔹жұмыртқа 1 дана
🔹 дрожж 10г
🔹 тұз 1шым-шым 🔹сүт 250мл
🔹 ванильді қант 1шəй қасық

✔ қамырын илеу:
кесеге 1шəй қасық қант +4-5ас қасық жылы су + дрожж салып араластырып 5мин көпсігенше күтіңіз. (дрожжды бірден салып қамыр илей берсе де болады. Мен осылай алдымен көпіртіп барып илеймін.)
Ыдысқа жылы сүт, жұмыртқа, тұз, қант, бөлме температурасындағы (жұмсақ)сары май, ванилин, жəне көпсіген дрожжды салып араластырып , ұнды салып жұмсақ қамыр илейміз. Қамырды жылы орап ашығанша (көтерілгенше) күтіңіз. Ашыған қамырды қайтарып илеп ,қайта көтерілгенше күтіңіз. Енді қамырды кішкентай бөліктерге бөліп, қалаған формаңызға келтіріп бетін пленкамен жауып, 15-20 мин қоя тұрыңыз. Көтерілген бəліштерге жұмыртқаның сарысын жағып, 200°C қызып тұрған духовкада қызарғанша пісіресіз. (15-20мин духовкаға байланысты )  арасына қалаған салмаңызды салсаңыз болады : алма, сгущенка, джем, сүзбе т.с.с .
Менде құлпынай мен сүзбе.

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика