Тәтті лакомка

Құрамы:
2 жұмыртқа
75 гр жұмсақ сары май
200 гр сүт жылы
7 гр құрғақ дрожь
500 гр ұн
қант 60 гр
1 шай қасық тұз.

Креміне:
Сүт 300 гр
2-3 ас қасық жүгері краxмалы
2 сарыуыз
120 гр қант
60 гр сары май
Ұсақтап туралған арахис н/е жержаңғақ.

Дайындалуы:
Жұмсақ сары майға қанты қосып жақсылап араластырамыз. Жұмыртқаны бір бірлер қоса отыра шайқаймыз. Жылы сүтке ашытқы 1 ас қасық қант қосып жақсылап араластырып, 5-7 мин қойып қоямыз да жұмыртқалы массаға құямыз. Тұз, електен өткізілген ұнды қосып қамыр илеп, бетін жауып, қамыр екі есеге көтерілгенше 1-1,5 сағатқа жылы жерге қойып қоямыз.
Кремін дайындаймыз.
Сарыуызға жүгері краxмалын қосып жақсылап араластырамыз.
Сүтті ысытып 2-3 ас қасық краxмалды массаға ққямыз жақсылап араластырамыз. Сүтке құямыз. Отқа қоямыз. Қантты қосамыз да жақсылап венчикпен араластыра отыра қоюланғанша отта ұстаймыз. (венчикпен үзбей араластыру керек). Оттан алып толық суытамыз. Тоңазтықшқа 15 минутқа қойып аламыз.
Қамырға ораламыз:ашыған қамырды бірнеше теңдей бөліктерге бөліп шығамыз да әр қайсысын домалатамыз. Жұқа етпей жайып, бірге бүктеп, пергамент қағазы төселген формаға бір бірінен алшақ қойып шығамыз. Бетін жеңіл майлықпен жауып, 7-10 мин ұстаймыз. Сол бетте 170 гр қызып тұрған пеште беті қызарғанша пісіреміз. Бетін аша беруге болмайды пештен алып толық суытамыз. Кремін жағып, жаңғаққа аунатамыз.
Астарыңыз дәмді болсын!

Яндекс.Метрика