Тандыр самса

Самса құрамы:

  • Ұн – 3 стакан
  • Су – 1 стакан
  • Тұз – 1 шәй қасық
  • Ішіндегі салмасына керегі:
  • Фарш – 300гр
  • Қой майы – 200гр
  • Пияз – 4 дана
  • Қара бұрыш – 0,5 шәй қасық

Самса жасау жолы:
Су,тұз, ұн қосып жақсылап қамыр илейміз. Содан қамырымызды жайып арасына май жағамыз да қамырды ораймыз да біраз уақытқа қойып қойыңыз.
Салмасын дайындап аламыз. Фарш пен майды аралстырып, пиязымызды майдалап турап фаршқа салып тұз бен бұрыш қосып жақсылап араластырамыз.
Енді қамырымызды бөліктерге бөліп, жайып ішіне салмасын салып, дөңгелектеп немесе бұрыштап түйеміз ол өз қалауыңызда. Түйіп болған соң тандырға ол болмаса пешке салып пісіреміз. Самсамыз дайын . Ас дәмді болсын!

Яндекс.Метрика