Жүзім мен ананас қосылған ірімшікті тағам

Құрамы:

Жұмыртқа – 3 д.
Қант – 6 ас қ
Май – 100 г
Жарма (манка) – 3 ас қ.
Ірімшік – 750 г
Лимон цедраты
Мейіз – 2 уыс
Консервіленген ананас -1 банка
Қант пудрасы

Дайындалуы:

Жұмыртқа мен қантты қозғаймыз. Май мен жарманы қосып, араластырамыз. Сосын ірімшік пен үккіштелген лимон цедрасын қосып, араластырамыз. Мейіз қосамыз. Қалыпты майлап, ірімшікті массаны қосамыз. Үстінен ананастарды қойып, қант себеміз, 40-45 минут 180 °С духовкада пісіреміз.

Яндекс.Метрика