Author archives

1 жасқа дейінгі балаларда кездесетін кейбір аурулар

Өкпенің қабынуы (воспаление легких). Бұл ауру, әсіресе, жас нәресте үшін өте қауіпті. Өкпе қабынуы күз, қыс айларында көп болады. Оның себебі әртүрлі. Сәбиге болмашы ғана тұмау тигеннің өзінде тыныс алу жолдары тарыла түседі де, бала мұндай жағдайда аузымен дем алады. Балаға емшек ему де қиынға соғады. Сәби тыныс жолымен емес, аузымен дем алғандықтан, ауа өкпе …

Дәріні дұрыс пайдалануды білесіз бе?

фото: josyannabisaab.com, searo.who.int Қазіргі кезде көптеген ауру түрлерін емдеуге қолданылатын дәрі-дәрмектердің алуан түрлері кездеседі. Сол дәрілерді орынсыз сатып ала бермей, тек қажет уақытында ғана керегін алған дұрыс. Оның үстіне, қала тұрғындарына артық дәрі сатып алудың қажеті де жоқ. Біріншіден, ол дәрі үйде көп тұрған соң күшін жоғалта бастайды, екіншіден, кейде үйдегі дәрі балалардың қолына түсіп, …

Алдын-ала егу

Бала – ата-анасының зор қуанышы, баға жетпес байлығы, оның болашағы. Сондықтан кім де болса өз болашағын мәпелеп, аялап, жақсы азамат етіп өсіруге тырысады. Дені сау болып, ешқандай дертке ұшырамаса деп тілейді. Бірақ дерттен сақтау, ақыл-есі дұрыс, мықты, қабілетті, білімді етіп өсірудің жолы бір басқа. Кейбір ата-аналар сондай тілек тілеумен ғана шектеліп, сөзден нақтылы іске баспайды. Ал …

Сырқат баланы қалай алдандырған дұрыс?

Аурудың бастапқы кезеңінде бала енжар тартады, ұйықтай береді немесе қатты мазасызданады. Бұл кезеңде сырқат баланың мүмкіндігінше күндізгі ұйқысының да, түнгі ұйқысының да әдеттегіден ұзағырақ болғаны, ояу кезінде барынша тыныстағаны аса тиімді. Осы тұста балаға үлкен, ашық түсті қуыршақ, машиналар және т.б. да ірі ойыншықтар беруге болмайды. Бала өзін жақсы сезінуіне қарай алғашында төсегінде аздаған уақыт, …

Тісі саудың жаны сау

Тіске қандай тамақ зиянды? Бұл жөнінде мамандардың пікірі де әрқалай. Біреулер көмірсулы тағам (крахмал, қант, кәмпит, кондитерлік және ұннан жасалған тағамдар) тісті жиі бұзады деп есептейді. Екінші біреулер қандай тамақ болса да өздігінен тіске зиян келтірмейді, тек тіс арасына тұрып қалып шіритін тамақ қалдықтары ғана зиянды деп санайды. Сондықтан біреулер балаға тәтті тағам беруге болмайды …

3 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың күн тәртібі

Жалғасы. Басы: Балаңыздың күн тәртібі (1-3 жас аралығы) Жүйке жүйесі қызметінің ерекшеліктеріне қарай балалар әртүрлі болады. Олардың мінез-құлқы да соған байланысты. Кейбір балалар жаттығуға немесе ойынға бірден ден қойып, ешнәрсеге алаңдамай кірісіп кетеді. Мұндай балаларды әдетте күн тәртібіне үйрету қиындық келтірмейді. Ал екінші бір балаларда қозу процесі басым болады. Мұндай балалар қажетті нәрсеге бірден ден …

Балаңыздың күн тәртібі (1 жастан 3 жасқа дейін)

Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібінің баланың өсуі мен денсаулығын нығайтуда маңызы зор. Сонымен қатар, ол бала бойында жақсы әдеттерді қалыптастыруға, ерік-жігерін нығайтуға, ұстамдылық, ұқыптылық сияқты басқа да маңызды қасиеттерді жетілдіруге көмектеседі. Күн тәртібі – балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дұрыс ойластыра жасалған еңбекке дағдыландыру, демалыс, тамақтандыру ережесі.

Балаңыздың киімі және ойыншықтары

Киімдер Бала киімі туралы мәселе өте маңызды болып табылады. Ол ата-ананы әрқашан ойландырып, толғандырады. Жаңа туған ұлына немесе қызына қандай киім-кешек керек? Жеңіл іш көйлектерден немесе ползункалардан қаншасын әзірлеп кою қажет? 3 айлығынан бастап бір жасқа толғанға дейін сәбиге арналған киімдердің шамамен төмендегідей тізімдерін ұсынамыз:

4 айлықтан 1 жасқа дейінгі баланы тамақтандыру

1. Баланы мүмкіндігінше 1 не 2 жасқа дейін емшектен айырмау керек. 2. 4-6 айлық кезден бастап баланы қосымша тамақтандыра бастаңыз. Бұл үшін алдымен, сәбиді емізіп алып, қосымша тамақты содан соң ғана беру керек. Тамақтандыруды суға немесе сүтке пісірілген жүгері, күріш ботқасын беруден бастаған жөн. Бұдан кейін ботқаларға ағзаға әл-қуат беріп, нығайтатын майлар қосуға болады.

Кейбір халық нанымдарына және үйде емдеуге байланысты сұрақтар мен жауаптар

Жас баланың еңбегі төмен ойысып түссе, арнаулы ем қабылдамаса, оның іштің бұзылуынан (іш өтуден) өлетінін білдіреді дейді, осы шын ба? Бұл негізінен шындыққа келеді. Нәресте көп сұйық жоғалтқан кезде оның еңбегі төмен түседі. Тез арада қажетті сұйықты қабылдамаса, ол өліп кетуі мүмкін.

Босануға дейінгі бандажды таңдаймыз

Босануға дейінгі бандажды (ішті тартып буатын ерекше белбеу) таңдаймыз Босануға дейінгі бандажды дәрігер мамандар жүктіліктің 15-16 аптасында (іш үлкейіп, оған қосымша сүйеніш қажет болған жағдайда) қолдануды ұсынады. Дұрыс таңдалған бандаж омыртқаға салмақ түсірмейді, арқаңыздың ауырсынғанын сездірмейді. Сонымен қоса, ол сәбидің жатырда дұрыс орналасуына да көмектеседі, қан айналысын да жақсартады, ал жүктіліктің соңғы кезеңдерінде шарананың іште …

Яндекс.Метрика