Кішкентай балаларға арналған ең жақсы тағамдар

Кішкентай балаларға арналған ең жақсы тағамдар

Кішкентай балаларға арналған ең жақсы тағамдар
Өмірінің алғашқы 4 айында

Мүмкіндігінше кішкентай сәбиіңізге емшек сүтінен өзге ештеңе бермеңіз.
Емшек сүті – сәби үшін ең жақсы, ең таза тағам. Бұл құнарлылығы мен сапасы жағынан қолдан арнайы істелінген кез келген балалар тағамдарынан әлдеқайда артық. Егер сәби алғашқы 4-6 айлығында тек қана ана сүтімен қоректенсе, бұл іш өту және басқа да инфекциялық аурулардаың алдын алады. Сондықтан да балаға тіпті жаздың ыстық күндерінде су да, шай да бермеген жақсы, мұның бәрін емшек сүті алмастырады.
Кейбір аналар өздерінің емшек сүтін жеткіліксіз санап, сәбилерін ерте емшектен шығарып жібереді. Бұл дұрыс емес. Емшек сүті ана жүдеу, әлсіз болған күннің өзінде де сәби үшін өте құнарлы тамақ болып табылады. Шынтуайтына келгенде, аналардың көпшілігінде сәбиін емізіп, қоректендіруге жеткілікті емшек сүті болады.

Емшекті суалдырмай, иітіп отырудың ең жақсы амалы – баланы жиі-жиі емізу. 4 айлыққа жетпейінше оны қосымша тамақтандырмау керек. Ал егер де сәбиді қосымша тамақтандыра бастасаңыз, онда әрдайым тамақ берердің алдында оған алдымен емшек беріңіз.
Егер емшек сүті жеткіліксіз болып немесе сүті қайта бастаған жағдайда ана жақсы тамақтанып, сұйықты көбірек ішіп, тамақ ішер алдында баланы жиі-жиі емізсе, емшек сүтін молайтуға өзі де мүмкіндік туғыза алады. Әрбір емізгеннен кейін балаға кішкене ыдысқа құйып сиыр, ешкі сүтін беріп отыру қажет (қорытпа сүтті ішкізуге болмайды). Сүттің бұл түрлеріне аздап қант немесе өсімдік майын қосыңыз.

Ескерту: кез келген сүттің түріне аздап салқындаған қайнаған су қосыңыз. Оны төмендегідей дайындауға болады: қайнатылып салқындатылған сиыр сүтінің екі бөлігіне бір бөлігіне қайнатылған суық су, 1 ас қасық қант немесе май қосу керек.

Егер майы айырылған сүт болса, онда тағы бір қасық май қосыңыз, бұл сүт құнарлы болу үшін қажет.
Лажы болса, сүтті де, суды да қайнатып алған дұрыс. Баланы шишамен емес, тостақпен тамақтандырған қауіпсіз (немесе тостақтан қасықпен). Балаға сүтті беретін емізікті, шишаны таза ұстау керек. Өйткені іш өту және әртүрлі инфекциялық аурулар ластан тарайды.
Егер балаға сүт алып беруге жағдайыңыз көтермесе, күріштен, жүгеріден және басқа да дақылды азықтардан ботқа істеп беруіңізге болады. Ботқаға ақталған асбұршақ, жұмытрқа, ет, тауық еті және басқа да протеин ақуызды азық тағамдарын әрдайым қосып отыру керек. Қосылған азықтың барлығын ұнтақтап езіп, сұйықпен араластырып, қант пен май қосып ішкізген дұрыс.

Ескерту: күріш пен жүгері ботқасы сәбиге жеткіліксіз. Тек осымен ғана қоректенген сәби жақсы жетіліп өспейді. Ол әлсіз, ашушаң болып, шетінеп те кетуі мүмкін. Бала дәрумені жеткілікті және басқа да қосымша құнарлы азық түрлері қосылған тағаммен қоректенуі керек.
Омарова Нұрбану

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика