Балаңыз күйзеліске түссе…

 

Баланы күйзелістен қалай шығарамыз?
Балада күйзелістің бар екенін мына белгілерге қарап байқауға болады:

1. Регресс.
Баланың саусақ соруы, үнемі көңіл аударғаныңызды, жанында болғаныңызды қалауы, кіші дәретті ұстай алмау.
2. Қорқыныш.
Егер балаға бұрын маңызды болмаған, көңіліне әсер етпеген дүниелерден қорқа бастаса, онда стресстің басталуы деген сөз.
3. Ашушаңдық.
Ойыншықтарын лақтыру, жиі сөзге келу, сотқарлық, төбелесу т.б.
4. Көңіл күйінің түсуі.
Баланың көңіл күйі жиі ауыспалы болады, ренжу, еңсесі түсу.
5. Денсаулықтың дұрыс болмауы.
Баланың жүйкесіне салмақ түскенде іші немесе басы ауруы мүмкін. Дене қызуы көтерілу, бөртпелер шығуы мүмкін, кейде құсуы да ықтимал.
6. Ұйқының дұрыс болмауы.
Ұйқысыздық немесе ұйқы кезіндегі жайсыздықтар.(Ұйықтап жатып сөйлеу, ұйқылы ояу тұрып кету, шошыну т.б)
7. Сабақ үлгерімінің нашарлауы.
Баланың есте сақтау қабілеті нашарлайды, зейінін шоғырландырудың бұзылысы, бұрынғы жақсы көрген ісімен айналысуға деген немқұрайлылық.
8. Тез шаршау.
Әлсіздік, ұмытшақтық, ойының шашыраңқы болуы.
9. Қарым-қатынастан бас тарту.
Жалғыз қалуды қалау, тұйықталу т.б.
10. Компульсивті белгілер.
шашын саусағымен орау, киімінің етегін шиыршықтау, орау, қолдарының дірілдеуі, мақсатсыз қимылдар, тұтығу мұның барлығы балада стресстің бар екенін білдіреді.

Баланы күйзелістен шығару үшін, ең алдымен .
✓отбасында жайлы атмосфера болу керек. Ата-анасы бір-бірімен ұрыс-керіс, кикілжіңінен аулақ болғаны абзал.
✓Балаға көңіл бөлу, уақыт бөлу;
✓жұбату;
✓баламен бірге ойнау, сурет салу;
✓баланы түсіну, қолдау;
✓балаға деген қысымды төмендету;
✓барлық тітіркендіруші факторларды жою;
✓массаж, ароматерапия, тыныс алу жаттығулары;
✓Сәтсіздіктерін бетіне баспау; ✓Мақтау, мадақтау, қолпаштау(өз орнымен);
✓дұрыс тамақтандыру, салауатты өмір салты, күн тәртібі
✓шектен тыс талаптар мен қаталдықтан аулақ болу;
✓мейіріміңіз бен сүйіспеншілігіңізді көрсету;
✓баланы тыңдай білу, ойымен талғамымен санасу.
✓балаларды бір-бірімен салыстырмау

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика