Балаға айтылмауы тиіс сөздер

 

Өкінішке орай,ата-аналар балаға ашу үстінде көптеген ауыр сөздер айтып қалып,артынан өкініп жатады.Айтылған ауыр сөздер баланың нәзік жүрегін жаралап,психологиялық тұрғыдан балаға соққы болып тиюі әбден мүмкін

Ал ендеше ол мынадай сөздер болуы мүмкін:

  • «Қайдан ғана туылдың немесе сені неге тудым екен».Бала ата-анасынан бұндай сөзді есітпеуі тиіс.Қатты ашуыңызға тиіп тұрса да бұлай айтушы болмаңыз.Бұл сөзді есіткен бала, өзін-өзі бағалауын түсіріп,өзін ешкімге қажетсіз сезінетін болады

 

  • «Тездет,әйтпесе осында қалдырып кетемін». Балалар уақытты үлкендер секілді есептей алмайды,олай айтудың орынына балаға неге үлгере алмай жатқанына түсіністікпен қарап,көмектесіп жіберіңіз.Сіз бұл сөзіңіз арқылы анам мені тастап кетеді деп балаға қорқыныш құйып қоясыз

 

  • «Сен айтқанымды дұрыс жасамадың,сенікі дұрыс емес». Сіз бұл сөздерді балаңызға жиі айтатын болсаңыз,балаңыздың өзіне деген сенімділігін жоғалтасыз.Ол мен ештеңені дұрыс істей алмаймын деп ойлайтын болады.Балаға өз қалауыңызды айта біліңіз,»мен сенің осылай жасағаныңды қалаймын…» деп айтсаңыз бала түсініп барлығын дұрыс жасауға тырысатын болады.

 

  • «Сен неге ондай емессің,жұрттың баласын қарашы». Баланы өзгенің баласымен салыстыруға болмайды,баланың болашағына кері әсерін тигізесіз,мен жаман баламын деп өзіне сенімсіздікпен өсетін болады.Әр бала жеке тұлға,керісінше балаңызға жақсы жақтарын айтып мақтап қойсаңыз бала шабыттанып,қателік жасамауға тырысатын болады.

 

  • «Әкең секілдісің». бала ешқашан жолдасыңыз екеуіңіздің араңыздағы қиындықтарды білмеуі тиіс,әкең секілді осындайсың деп балаға әкесін жамандап,бала алдындағы әке абыройын түсіретін боласыз.Бала менің әкем нашар адам деп ойлап өсетін болады.Балаға әкесі жайында жақсы ой қалыптастыра біліңіз.

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика