Көптеген аналар балам айтқанымды тыңдамайды, қорқақ, тұйық, уайымшыл, ашушаң, селсоқ т.с.с.мәселелермен жиі сұрақтар қойып жатады.
Неге балаңызда осындай мінез-құлықтар бар? Тәрбиені де шамаңыз келгенше жақсы беруге тырыссаңыз да балаңызда өзгеріс жоқ.

Неге? Неге? Неге?

Себебін (ғалымдар, психологтар) мамандар көп жылдар бойы зерттеген екен. Осы мәселелердің ең басты себебі(80-90%) анасына тікелей байланысты болатындығын анықтаған.
Бала өмірге келмей тұрып анасының құрсағында жатқанда анасы баланың тағдырын жасап қояды екен. Яғни, сіз жүкті кезде ашушаң болсаңыз, үнемі бір нәрсеге көңіліңіз толмай жүрсе, уайымыңыз көп болса немесе немқұрайлы болсаңыз, онда өмірге келетін балаңызға осы мінездерді іште жатқанда қалыптастырып бердіңіз деген сөз. Тіпті, іс әрекетіңіз ғана емес ойыңыздың өзі іштегі балаға беріледі екен. Мысалы, жүкті кезде ақша жетпейді, жолым болмайды, өмір сүру қандай қиын т.с.с ойларды жиі ойлайтын болсаңыз бұл тікелей балаңызға беріледі де, балаңыздың да ойы осындай шырмаудан шыға алмайды. Бұл ой кейін сөзге айналады, сөз іске айналады, іс әдетке айналады, Жалпы сіздің бала туралы ойларыңыз балаңыздың тағдыры болуы мүмкін

Сондықтан, аналар жүкті кезде, СӨЗГЕ, ОЙҒА, ДЫБЫСҚА өте қатты мән беру керек. Егер балаңыз ақылды, парасатты, рухани бай, білімді болсын десеңіз жүкті кезде жанға жағымды әуендерді жиі тыңдаңыз.( Әуенмен айтылатын Құран сүрелерін, жанға тынышық беретін жай, әдемі, әсерлі әуендерді тыңдау керек). Кітаптарды көп оқыңыз, негатив дүниелерден аулақ болыңыз. Анасы баласын емізгенде әрдайым ғұсыл дәретпен емізгені абзал, сонда балаңыз ақылды, қатарының алды болады. Бұл дәлелденген.

Тағы бір маңызды жайт, егер балаңыздың денсаулығында кінәрат болса, иммунитеті төмен болса, өзіне сенімсіз болса, балаңыздың мінез-құлқы сіз ойлағандай болмаса, сабағы нашар болса, сізді тыңдамаса т.с.с. онда жолдасыңызбен қарым-қатынасыңыз туралы ойланыңыз. .
Карма деген тағы бар. Ол балаға беріледі

Қарапайым тілмен айтқанда,бұл балаға көзге көрінбейтін ғажайып жіп арқылы беріледі. Бала өмірге ерлі зайыптылардың үлкен сүйіспеншілігінен келуі керек.

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика