Балалар дәрігері, жоғары дәрежелі педиатр О.Е.Комаровскийдің нақыл сөздері

1) Жақсы бала-бақша – жаңбыр себелеп тұрғанда далада серуендеу үшін плащ пен бәтеңке ала келуді сұрайтын бала-бақша.

2) Балаңыздың бойынан «олқылықтарды» іздеп, жүйкеңіз бен уақытыңызды құртпаңыз.

3) Бала жасауды бәрі біледі, бірақ онымен әрі қарай не істеу керегін білетіндер аз.

4) Егер мектепте қоңырау мұғалімге емес, балаларға соғылатын болса, және 15 минут бойы сыныпты желдететін болса, ауадағы вирустар саны мен ауруға шалдығу әлдеқайда төмендер еді.

5) Медициналық реформа жайлы: «Елдегі педиатрларды иіріп тастаса, балалардың денсаулығын кім қадағалайды?»

6) Отбасының амандығы – анасының денсаулығы. Әкесі анасының тамақ ішуіне, ұйықтап алуына, серуендеп қайтуына барлық жағдайды жасау керек.

7) Ерлеріңді бала туғанша тәрбиелеп алыңдар, сонда бақытты боласыңдар. Әйтпесе оларды еркелетесіңдер де, кейін екінші балаң болып отырады.

8) Қосымша тамақ бере бастағанда ең бастысы асықпау, саспау, және апа-әжелерді тыңдамау керек. Оларды тыңдасаң, бұрын екі айында жұмыртқа бергенбіз деп бастайды.

9) Егер отбасында бала жиі ауыра берсе, ит асыраңыздар. Бір баламен далаға шығуды ұмытып кетеді, ал итпен күніне 2 рет серуенге шығатын болады.

10) Кез келген педиатр біледі: дүйсенбі сайын бала көп ауырады. Неге екенін білесіздер ме? Өйткені жексенбі сайын ата-апаларына барады, ал олар махаббатты баланың аузына тамақ тығу деп біледі.

11) Әңгіме босану жайлы болса – онда артық ми басты кедергі.

12) Көптеген адам дені сау болып туылады, оларды ауру ететін дәрігерлер.

13) Теңізге қарағанда саяжай жақсы. Егер бала 2 ай бойы аш, кір-қожалақ, жалаңаяқ жүгіріп жүретін болса – бұл оның бір жылға денсаулығын тұрақтандырады.

14) Балалар арық болуы керек және астынан су шыққандай безілдеп жүруі керек.

15) Баланы мектепке қай жастан бастап беру керек деген сұраққа жауабы: «Біздің мектептерге баланы 10 жаста беріп, 11 жасында мектепті бітіргені жақсы. Мектепте балаға қимылдауға мүмкіндік бермейтіні жаман».

16) Бақытты бала – бұл, ең алдымен дені сау бала, сосын ғана барып оқи алатын, скрипкада ойнай алатын бала.

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика