Сәбиіңіз қандай мультфильм көреді?, Патрик және оның достары

Сәбиіңіз қандай мультфильм көреді?

Мультипликациялық фильмдер көңіл көтерерлік қана емес, сонымен бірге, балаларға арналған тәрбиелеуші және жаттықтырушы сипаттағы материал болып табылады.

Сәбиіңіз қандай мультфильм көреді?, Патрик және оның достары советские мультфильмы
Жаңа мультфильмдерді таңдағанда кейбір маңызды мәселелерді де ұмытпай, мұқият болу керек.

  • Мектеп жасындағы балаларға теледидар алдында ұзақ уақыт отыруға болмайды. Сондықтан мультипликациялық фильмдер қысқа сериялардан тұрса, (ұзақтығы 4-5 минут) керемет болар еді.
  • Көзіне артық салмақ түсірмеу үшін суреттері анық болу керек.
  • Алғашқы мультипликациялық фильмдердің сюжеті қарапайым болсын. Ал ертегі кейіпкерлерінің әрекеттер уәжі жас көрерменге түсінікті болу керек.
  • Экранда көрсетілгендердің барлығы адамгершілік сипатта (жақсылық) болу қажет. Баланың психикасына кері әсер ететін агрессиялы мазмұнда болмасын.
  • Дамытушы мазмұндағы материалдардың рөлі екі есе артық. Бала кейіпкердің қимылына мұқият назар салып отырады (достарымен сыпайы қарым-қатынаста болуды, түстерді ажырата білуді үйренеді).
  • Әрекет етуші кейіпкерлерді шатастырмас үшін кейіпкерлер саны 5-6 кейіпкермен шектелу керек.

Жоғарыдағы талаптарды ескере келе, қазіргі мультфильдерді дүниеге келтіргенде аниматорлардың бұл талаптарды ескере бермейтіндіктері аңғарылады.
Арнайы кітап дүкендерінде дамытушы мазмұндағы материалдар көптеп сатылып жатыр (CD-диск түрінде). Оның кейіпкерлері арқылы балаңыз санауды, түстерді, геометриялық фигураларды ажырата білуді, музыкалық аспапта ойнауды үйренеді. Кейбір мамандықтармен, кейбір көлік түрлерімен танысады. Қиын сәттерде бір-біріне көмекке келіп отырады және мейірімді болуды үйренеді. Осы сипаттағы мультипликациялық фильмдер қатарына «Патрик және оның достары» (өте кішкентайларға арналған) жатады. Оның басты кейіпкерлері – жылы шырайлы Патрик атты ит, сүйкімді қонжықтар, көңілді аңдар, Ми-Ми атты кішкентай мысық, Вейн атты ұл мен Джулия атты қыз. Барлық кейіпкерлердің әрекеттері сәби санасына түсінікті.

Сәбиіңіз қандай мультфильм көреді?, Патрик және оның достарыСәбиіңіз қандай мультфильм көреді?, Патрик және оның достары

Жаңа материалды бекіту үшін дискке қосымша суреттерін бояйтын үлкен көлемді кітап, магнит-ойыншықтар, қуыршақ театры салынған.

Нұрбану Омарова

1 пікір

  • Мен балама мульфильмдерди коп корсете бермеймин. себеби будан онын ойлау кабилети нашарлайды. онын орнына китаптагы суреттермен таныстырып, такпак жаттатып, мозайкаларды курастыруга баулимын. ал жогарыдагы сурети корсетилген мультфильм балаларга пайдасы жок деп ойлаймын. ойткени, бул суреттер оны шынайылыктан алыстатады. одан да Винни пух немесе том и джерри, Ну, погоди сиякты кызгылыкты мультфильмдер аркашан сабилердин конилдеринен шыгатынына камил сенемин.

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика