Бала миының дамуы үшін не істеу керек?

Бәріміз білетіндей, ми — күрделілігі жағынан, мүмкіндігінің шексіздігі жағынан, қабілеті жағынан ерекше мүше.
Ми- біздің жалпы салмағымыздың екі пайызын құрайды. Ол ешқашан ұйықтамайды. Ғалымдардың айтуы бойынша, күндізгі уақыттан гөрі түн кезінде мидың жұмыс істеу жиілігі артады екен.

Бала миының дамуына келсек, көбіміз, ата -ана ретінде бала іште болған кезде, сәби кезінде миының дамуына мән бере бермейміз.
Кейін мектеп партасына отырғанда ғана, үлгеріміне назар аударып жатамыз.

Бала туылған сәттен бастап, бес жасқа дейінгі аралықта ми жасушалары секундына 1000 жаңа қосылыс түзеді екен. Кейін мұндай процес ешқашан қайталанбайды дейді мамандар. Бұл қосылыстар баланың дүниені танудағы сезіміне, танымына, денсаулығына, тіпті бақытты болуы үшін де аса маңызды.

Үш жасар балада жүйке жасушалары ересек адамға қарағанда 3есе көп. Егер сәбидің мүмкіндігін толығымен пайдаланбаса, жасы келе пайдаланылмаған жасушалар өледі екен.

Гарвард университетінің ғалымдары бала миына мынандай факторлар әсер ететінін айтады:
~отбасының әлеуметтік жағдайының төмендігі,
~ата -анасының не күтушісінің психологиялық аурулары,
~баламен дұрыс қарым-қатынас жасамау(ұрып-соғу, жеку, көңіл бөлмеу т.б)
~ анасының білім деңгейінің төмендігі.

Сондықтан, балам жақсы болсын десеңіз, .
✓Жұбыңызды дұрыс таңдай білу
✓Сәбилі болуға жоспарлы түрде дайындалу .
✓Құрсақ кезінде рухани дүниелермен айналысу,( көп кітап оқу, пайдалы музыка тыңдау, табиғат аясында көп болу, әдемі дүниелерді көп көру т.б )
✓Дүниеге келген сәбимен көп денелік және танымдық қарым -қатынас орнату,
✓Көруіне, ұстауына, бүлдіруіне, естуіне сезінуіне барынша қимыл- қозғалыс жасауына жол беру
✓Сұрақтарына жауап беру, .
✓Әртүрлі ортада болуына жағдай жасау(табиғат аясы, басқа адамдармен қарым- қатынас жасап уйренуі )
✓Ерте жастан бастап дене еңбегіне, күн режиміне барынша үйрету .т.с.с дүниелерге маңыз берсек, нәтиже қуанарлық болатынына сенімдімін.

.Әр қара домалақ бақытты, саналы, интеллектуалды деңгейі жоғары болсын деп тілейміз

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика