Кез-келген ата-ананы алдымен алаңдатын сұрақ баланы неше жастан бала-бақшаға беру болып табылатыны белгілі.Балалар психологтары баланың бала-бақшаға бару жасы 3,5-4 жастан кем болмау керек деп айтады.Бұл жаста бала айналасын танып,өз бетінше қозғалып,тілі шығып сөйлей бастаған уақыты тиімді уақыт болып табылады дейді.Бірақ,тиімсіз жақтары да бар,бала ес біліп қалған шағында айналасын жатырқап,тәрбиешілерге үйренісе алмай,балалармен тіл табыса алмай қалуы мүмкін.Сол себепті көптеген аналар,дектерттік демалыстан соң 2 жастан бастап балаларын бала-бақшаға беріп жатады.

Баланы бала-бақшаға қалай дайындаймыз?Баланы бала-бақшаға берместен бұрын,баланы балалар алаңшаларына апарып,өзге балалармен ойнатып,балалардың ортасына бейімдей бастаңыз.Өзге балалармен сөйлесуді,ойыншық алмасып ойнауды,танысуды үйретіңіз.

Баланы бала-бақшаға дайындаудың тағы бір жолы,бала-бақшадағы күн тәртібін үйретіңіз.Таңертең тағы ас ішіп,ойнап,түсте ұйықтайсың деген секілді,және ол жақта тәрбиешіның болатынын оны тыңдау қажет екенін ұқтырыңыз.

Балаңыздың иммуниетін көтеріңіз,көптеген балалар үйде ауырмай жүріп бала-бақшаға барғанда ауырып қалып жатады.Оның себебі,көптеген вирустар әсер етеді.Балаңыздың иммуниеті жоғары болатын болса,ешқандай сыртқы фактор балаңызға әсер етпейтін болады.

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика