Бесік жырының маңызы

  Бауыржан Момышұлы: «Құлағына анасының əлди əні сіңбеген баланың көкірегі керең болып қалады ма деп қорқамын…»                                          Бесік жыры — ұлттық өнеге, дəстүр, бала тəрбиесінің бастауы. Баламен ана арасында сүт арқылы байланыс орнағандай, бесік жыры дəл солай ана мен баланы байланыстырады. Бесікте жатқаннан сəби анасының əуезді əні арқылы тəрбиені құлаққа сіңіреді. Əуезді əн астарында ізгі тілек, баласына деген сенім, ниет, ана дауысымен балаға жетеді. Бауыржан Момышұлы атамыз тағы бір сөзінде: «Менің үш қорқынышым бар. Біріншісі — бесік жырын айта алмайтын келіндердің көбеюінен, екіншісі — немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын əжелердің көбеюінен, үшіншісі — салт-дəстүрін сыйламайтын ұрпақтың көбеюінен қорқамын» деген. Өкінішке орай, қазіргі таңда бесік жырын айту үрдісі қалып бара жатыр. Көп аналар бесік жырында үлкен тəрбие жатқанына мəн бермейді. Оның орнына мəн-мағынасы жоқ əн тыңдауға құмар. Құрметті оқырман, жоғалып бара жатқан салт-дəстүріміз сізбен, біздің қолымызда!

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика