Нәрестеге ат қою

Балаға ат қоюдың 20 түрлі ерекшеліктері

Қазақ халқында балаға ат қоюдың жиырма түрлі ерекшеліктері бар. Олар мыналар:

1. Балаға артық саусағына қарай ат қою есімдері: Артық, Артықбай, Қосекен;

2. Балаға тіл-көз тимейді деген ниетпен ат қою: Жаманбай, Ошақбай, Тезекбай, Итбай;

3. Баланың дені сау, тәні берік болсын деп те ат қойылады: Тасболат, Шымырбай, Болатбай, Тастемір;

4. Баласы шетіней берген үйде ат таңдау жолдары: Аман, Тұрды, Амангүл, Есен, Тоқтар, Тоқтасын;

5. Баланың өмір жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қойылады: Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжасар, Мыңбай, Ұзақбай, Өмірбай;

6. Ер сайманы болған ескі қару-жарақ аттарына байланысты да есімдер қойылады:
Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбай, Қылышбек;

7. Елдің ардақты азаматтарының атын солардай батыр, дана босын деген ниетпен ат қою: Абай, Абылай, Ғабит, Исатай, Сәбит, Сәкен;

8. Ерекше белгілеріне қарай ат қою: Қалдыгүл, Анарбай, Қалдықыз, Меңдігүл, Құдірет, Сүндет, Нышан, Нышанбай;

9. Ислам дінінің негіздеріне орай ат қойылады: Ғали, Жамал, Иса, Мұхаммед, Сүлеймен, Хадиша, Омар, Оспан;

10. Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың, қымбат маталардың, нәзік өсімдіктердің де аты қойылады: Айман, Алтын, Жібек, Жұлдыз, Күміс, Раушан, Шолпан;

11. Мерзімінен бұрын туған балаға ат қою: Лекер, Шалабай, Шалабек;

12. Мақсат-мұратқа жетуді көздеп ат қойылады: Арман, Мақсат, Мұрат, Бақыт;

13. Соңғы балаға ат қою жолдары: Кенжебай, Кенжегүл, Кенжетай;

14. Төрт түлік мал, аң, құсқа байланысты ат қойылады: Арыстан, Бота, Бүркіт, Сандуғаш;

15. Ұлы жоқ үйде қыз туғанда қойылатын есімдер: Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлжан, Ұлту;

16.  Табиғи құбылыстарға байланысты ат қою: Боранбай, Дауылбай, Шуақ, Тасқынбай;

17. Туылған уақытына қарай ат қою: Таңат, Рамазан, Құрбанбай, Наурызбай, Жұмабай;

18.  Әкесінің жасына қарап та ат қойылады: Жетпісбай, Қырықбай, Елубай;

19. Ұйқастырып ат қою: Ерғали — Нұрғали, Айжамал — Нұржамал, Ержан — Сержан;

20. Шетелдік есімдер аз қойылған: Карл, Феликс, Роман;

Ракайыл Жұмағазина, M-admin

Ұқсас мақалалар

Азан шақырып ат қою

Сәбиге ат қою

Tags

5 Comments

  1. Балалы болу бір бақыт, ал немерелі болудың орны одан да ерекше екен. Ертеде ата-әжеміз өз басыңа келгенде білерсің деп күліп жатушы еді, немереңді әлдилеп алақаныңа салу шынымен баға жетпес сезім. Өз басым 45 жасымда немерелі болдым. Оның есімін Еркеназ деп қойдым. «Ерке» — дегенім, тұңғыш немереміз, ол ата-әжесінің тәрбиесінде әрине ақылды ерке болады, ата-бабамыз қыз баланы қашанда еркелетіп ұстаған,оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген, «наз» — дегенім, қыз баланың жан дүниесі нәзік әрі бай болуы тиіс. Балапнымыздың ержетіп елінің қалаулы азаматшасы боларына сенеміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.