Жатыр мойны эрозиясы

Жатыр мойны эрозиясы, Жатыр мойны эрозиясы, Жатыр мойны эрозиясы суреті, эрозия шейки маткиЖатыр мойны эрозиясы (орыс.: эрозия шейки матки) — жатыр мойнының шырышты қабықшасының тұтастығының бұзылуы немесе шырышты қабат ұлпаларының зақымдалуынан пай болатын кішігірім жаралар (эрозиялар). Бұл ауру әйелдерде ең жиі кездесетін гинекологиялық аурулардың бірі болып саналады.

Жатыр мойны дегеніміз қынап пен жатырды жалғап тұратын, қоймалжың сұйықтыққа толы, цилиндрлік пішіндегі қуыс.

Жатыр мойны эрозиясының екі түрі бар: шынайы (эндоцервикоз) және жалпы эрозиялар (эктопия, псевдоэрозия).
Шынайы этозия сирек кездеседі, ол жатыр немесе қынапта вирусты немесе бактериалы инфекцияның пайда болуынан, механикалық немесе химиялық бұзылыстардан (зақымдалудан) туындайды. Тексеру кезінде ол жатырдың сыртқы бетінде қызарып, жара секілді болып көрінеді.

Жалпы эрозия — қынап ішінде секреторлы эпителийдің жайылуы салдарынан пайда болатын, эрозияның жиі кездесетін түрі. Бұл, әдетте, жыныстық жетілу кезіндегі гормоналды бұзылыстардың салдарынан дамиды. Секреторлы эпителий қынаптың қышқылдық ортасына төзе алмайды, яғни ондай ортаға бейімделмеген. Сол себепті ол өздігінен жазылуға тырысады да, тегіс қорғаушы эпителийге айналады. Бұл процесс кезінде қиындықтар туындап, ісіктер пайда болуы мүмкін. Әдетте, бұндайісіктер қатерсіз ісіктер болып табылады.

Жатыр мойны эрозиясының пайда болу себептері

Эрозия туа біткен болуы мүмкін (псевдоэрозия немесе эктопия) және жүре пайда болған (жарақат алу немесе инфекция салдарынан) болуы мүмкін. Әдетте, жатыр мойны эрозиясы жасанды түсік жасатқан, гормоналды бұзылыстары бар, жыныстық инфекциялары бар және қынап дисбактериозы бар әйелдерде жиі кездеседі.

Жатыр мойны эрозиясының пайда болуының себептері:

  • Жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулар: урогенитальды хламидиоз, трихомониаз, микроплазмоз және уреаплазмоз, гонорея, папиллома вирусты инфекциясы, екінші типті герпес вирусы немесе генитальды герпес.
  • Әйелдердің жыныс мүшелерінің басқа да қабынушы аурулары.
  • Қынаптың қабынбалы аурулары ( вагиниттер, кольпиттер, бактериалды вагиноз, молочница).
  • Жатыр монының шырышты қабықшасының механикалық зақымдалуы ( бала босану, жасанды түсік тастау, дөрекі жыныстық қатынас).

Эрозияның дамуына келесі факторлар әсер етеді:

  • Гормоналды бұзылыстар;
  • Етеккір циклының бұзылуы;
  • Жыныстық өмірді ерте бастау және серігін жиі ауыстыру;
  • Иммунитеттің төмендеп кетуі.

Жатыр мойны эрозиясы белгілері (симптомдары)

Жатыр мойны эрозиясының ешқандай клинникалық белгілері болмайды: ауруды тек гинеколог маманға тексерілу арқылы білуге болады. Алайда, кей жағдайда, эрозия бар екендігін, жыныстық қатынастан соң қынаптан қызғылт немесе қоңыр түсті сұйық бөлінулердің болуы арқылы білуге болады. Сонымен қатар жыныстық қатынас кезінде ауырсынулар сезілуі мүмкін. Қуықтың асты ауырады.

Жатыр мойны эрозиясының диагностикасы

Гинеколог дәрігер жатыр мойнын айнамен тексеру арқылы аурудың бар екенін анықтай алады. Бірақ эрозия оптикалық жабдық – колькоскоп – арқылы тексеріледі. Тексеру кезінде дәрігер сараптама үшін жағынды немесе патологиялық өзгеріске ұшыраған жерден (биопсия) кішкентай тері үлгісін алады. Бұл тері үлгісі микроскоп арқылы толық тексеріледі. Диагнозды растағанда типтік емес жасушалардың болмауына аса көңіл бөлу керек. Өйткені бұл — онкологиялық процестің белгілірінің бірі.

Жатыр мойны эрозиясын емдеу

Эрозияны дәрі-дәрмек арқылы және дәрі-дәрмектің көмегінсіз (Мысалы: термиялық күйдіру, лазер, сұйық азот және т.б. арқылы) емдеуге болады.

Жатыр мойны эрозиясын дәрі-дәрмектер арқылы емдеу. Дәрі-дәрмек арқылы емделгенде қабынуға қарсы дәрілер қолданылады. Олар эрозияның пайда болу себептеріне әсер ету арқылы, зақымдалған жасушаларды қайта қалпына келтіруге септігін тигізеді. Егер де эрозия қынаптың инфекциялық ауруының (хламидиоз, микоплазмоз) салдарынан пайда болса, алдымен осы ауруларды емдеп болып, кейін эрозияны емдеуге кірісу арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Зақымдалған жасушаларды жылдам қалпына келтіру үшін вагиналды шамдар, ерітінділер, жақпа майлар белгіленуі мүмкін. Бұл дәрі-дәрмектер микробтарға қарсы әрекет етіп, жатыр мойнының шырышты қабықшасы жасушаларының жылдам қалыпқа келуіне септігін тигізеді.

Жатыр мойны эрозиясының бетіне жағылатын дәрі-дәрмектер зақымдалған жасушаларды сау жасушаларға алмастыру арқылы әсер етеді. Бұны химиялық коагуляция деп атайды. Алайда тек дәрігер ғана алынған сараптама көрсеткіштері бойынша дұрыс ем қабылдау жолы мен керекті дәрі-дәрмектерді белгілей алады.

Жатыр мойны эрозиясын дәрі-дәрмектердің көмегінсіз емдеу. Бұл тәсіл жатыр мойнының шырышты қабықшысына төмендегі әрекеттер арқылы әсер етумен түсіндіріледі:

  • сұйық азот (криодеструкция);
  • лазерлі лоагуляция (лазермен күйдіру);
  • электр тогы ( күйдіру);
  • диатермокоагуляция (термиялық күйдіру);
  • жатыр мойны эрозиясын радио толқынмен емдеу.

Comments 95

  • Сәлеметсіздерме. .. менде эрози бар где то 2 жфлдан кетти бар дегенине али емделмедим . Енди коркып журмин аскфнфп кеттима деп.. ол калаи тез кушеип кетема буо ауру сонда. ?

  • Сәлеметсіз бе.? Менде осыдан еки жыл бурын улымды босанган сон каралганымда эрозия бар деген болатын. Бирак одан кеин емделем деп жургенде екиншисин котерип калп оны босануга тура келди. Жуктилик кезинде емделуге болмаиды балага зиян деди . Казир балам 9аи болд.дени сау бала босандым. Енди осы уакыт ишинде меним эрозиям аскынып кеткен жокпекен .? Онын осы уакыт аралығында кауыпты аскынып кету кауипи барма ?мумкин болса жауап кутем……

  • 50 тенге колеминде улкеип кетсе рак болып кетеди деген сол распа ?

  • Саламатсыздарма Ана мен бала сайты.2 баланың анасымын. екіншімді туғаннан кеqін спирал салдырып содан эрозия пайда болды. бір рет күйдірткенмін лазермен биыл көрінсем тағыда эрозиян 50 теңге көлемінде дейді . тағыда күйдірт дейді. өтініш сұрағыма жауап беріңіздерші… күйдіртсем туа алмай қалмаймын ба

  • Сәлеметсіздерме. Эрозия га ипар компаниясынын кун чечак пен роз масло деген дарилери жаксы кетиреди деп естидим.

Яндекс.Метрика