Бедеуліктің себептері

Барлық жұптар отбасын құрғаннан кейін балалы болуды армандайды. Бала көтеру қабілетін анықтау үшін 1 жыл жеткілікті. 35 жастан асқан жəне қосымша аурулары бар жұптар үшін 6 ай. Егер осы мерзімде ретті жыныстық қатынас болып, бірақ бала көтермесе себебін анықтап, емдеу қажет. Бір бедеулік тақырыбына қанша кітаптар жазылған, өте ауқымды тақырып.

Бедеулік біріншілік (жүктілік мүлде болмаған) жəне екіншілік(бұрын бала көтерген) болып бөлінеді. ⠀
Бедеуліктің себептері:
◽ Овуляцияның бұзылуы (фолликуладан жұмыртқы жасушасының шықпауы) овриальді резервтің төмендеуі (35 жастан кейін жұмыртқа жасушасының қоры азаяды)бұлардың барлығы гормондарға байланысты
◽ Эндометриоз
◽ Жатыр түтіктерінің өткізгіштігінің бұзылсы, кіші жамбас ағзаларының спайкалық процесстер ( инфекция, эндометриоз т.б.Операциядан кейін спайка болу қауіпі жоғары болады)
◽ Жатырдың аномальды құрылымы ( мысалы жатыр ішіндегі кедергі (перегородка) т.б. )
◽Жатырдағы ісіктер. Мысалы субмукозды миома ( миома түйіндері жатырдың қуысында орналасады)
◽ Жатыр қуысындағы синехиялар
◽ Жатыр мойнына қатысты факторлар (цервикалды каналдың қысылуы, травма т.б)

◾ Сонымен қатар стресс. Стресс кезінде пролактин жоғарылап овуляцияны тежейді.
◾Ауыр физикалық жүктемелер ГнР; ЛГ, ФСГ, прогестерон гормондарының бұзылысына əкеліп, овуляцияны тежеуі мүмкін.
◾Қатты салмақ қосу мен салмақ тастау да əсер етеді. Семіру кезінде инсулинрезистентті болады. Инсулиннің жоғарғы деңгейі андрогендердің ( ерлер гормоны) жоғарылауын əкеліп овуляцияны тежейді.
◾Ал өте көп салмақ тастағанда организм өздеріне азықты əзер жеткізе алмай  жатқандықтан, ми гормондарды аз бөле бастайды.

Бедеуліктің себебі өте көп сондықтан толықтай тексеріліп, себебін анықтап себебін жою керек. ⠀
Тексеру əдістері:
✔ Овуляцияның бұзылысы, оған гормондардың бұзылысы əсер етеді ( гиперпролактинемия, аналық жасушаның поликистоз синдромы (СПКЯ) , гипотиреоз т.б) сондықтан гормондардың жұмысын, мөлшерін тексеру қажет ( пролактин, ФСГ, ЛГ, прогестерон, тестестерон, ТТГ, 17-ОН-прогестерон. АМГ, эстродиол )
✔ УДЗ кіші жамбас қуысындағы патологияларды анықтауға мүмкіндік береді.

✔Гистеросальпингография -( жатыр қуысына контрасттық зат жіберіп рентгенге түсіру) жатыр түтіктерінің өткізгіштігін, жатыр қуысындағы ақауларды  анықтауға мүмкіндік береді
✔ Лапароскопия- тексеру əрі емдік мақсатта қолданылады. Тексеріп жатқанда патология табылса ем жүргізеді. Мысалы синехия, полип болса сол жерде алып өтеді.
◽ МРТ ең соңғы этаптардың бірі. Диагнозды анықтауға көмектеседі.
Сұрақ бедеулікке келіп тірелгенде, денсаулығына немқұрайлы қарамай білікті гинеколог- репродуктологка барып ем алу керек. Интернеттен бедеулікті емін іздеу пайдасыз, тек қана дəрігерге барып емделу керек.

Пікір жазу

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика