Емшектен сүт емудің жақ сүйекке пайдасы

Жаңадан туылған сәбидің төменгі жақ сүйегі жоғарғы жақ сүйегіне қарағанда 1,5 см-ге қысқа болып келеді. Анасының омырауынан жарты жылға жуық сүт емген баланың төменгі жақ сүйегі жылдамырақ өсіп, жоғарғы жақ сүйекпен теңеседі.

Балалар мен компьютер

Кішкентай балаларға компьютер зиян ба? деген сауал жас баласы бар көпшілік ата-ананы алаңдататыны анық. Енді осы сауал төңірегінде біраз ойланып көрелік. «Қазіргінің балалары компьютер мен ұялы телефонды біліп туады» деген түсінік қалыптасты. Онысы рас та. Әркім өзінің заманына қарай бейімделеді. Ал бейімділік дегеніміз туыла салысымен басталатын табиғи құбылыс. Бала не үшін компьютерге құмартады?

Астана қаласының перзентханалары

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы

Ел ордасы Астана қаласында жыл сайын 16 мыңдай сәби дүниеге келеді. Сол сәбилердің біразы жоғары дәрежеде қызмет көрсететін перзентханаларда дүние есігін ашады екен. Астаналық перзентханаларға шолу жасаған адамдардың айтуынша, ол жақтағы жақсы жағдайды көрген әйелдер жасалған жағдайларды көріп, риза болады. Босанатын әйелдерге медицина жәрдем беретін мекемелерді таңдау еркі – өзіңізде Қазіргі уақыттағы Ұлттық бірыңғайденсаулық сақтау …

Сәбиіңіздің дені сау болу үшін

Қазіргі қоғамда балалардың денсаулығын сақтау және нығайту өзекті мәселеге айналып отыр. Баланың қандай да бір ауруы болмағанда, жүйке-психикалық дамуы үйлесімді, ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеті жоғары болғанда ғана оның дені толық сау деп айтуға болады. Сәби денсаулығы оның құрсақішілік даму ерекшеліктері, тектік бейімділігі, қоршаған ортасы, әлеуметтік жағдайы секілді көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады.

Бапталған ешкі сүті — аллергияға қарсы ем

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлемдегі ересек адамдардың 5% ал балалардың 15% түрлі аллергиялық ауруларға шалдыққан. Бұл көрсеткіш уақыт өткен сайын үдеп келеді. Аллергиясы бар ата-аналардан туылатын балалардың да аллергиялық ауруларға шалдығу ықтималдылығы жоғары болады. Аллергиялық реакция – адам бойындағы иммундық жүйеде «ақау» барының бір белгісі. Қоршаған ортадағы аллергендерге (өсімдіктердің және түрлі гүлдердің тозаңдары, …

Балаңыз сақау болмасын десеңіз

Логопед

Менін атым Лауан, мамамнын аты Дулдыз. Бүгінгінің баласы сақау болса немесе тілінде басқадай кемшіліктер болса, айналып келіп қоршаған ортаның ластануын себеп етіп шыға келетіндер аз емес. Алайда, қазіргі уақыттағы экологиялық жағдай Кеңес Одағы тұсындағы экологиялық жағдаймен салыстырғанда жақсармаса, нашарлап кеткен жоқ. Қазір бұрынғыдай ақты-қаралы түтіннен будақтаған «бұлттарды» шығаратын ірі зауыттар мен өндіріс орындарының қарасы азайды. …

Жасанды жолмен түсік тастаудың зияны

Жасанды жолмен түсік тастаудың салдары жарық дүние есігін әлі аша қоймаған сәбидің өмірін қиюмен бірге оны жасатқан әйелдің жүйке жүйесі мен эндокриндік жүйесінің (ішкі ағзалардың жұмысын реттейтін жүйе) жұмысын бұзады. Тағы әйел ағзасындағы табиғи құбылыстарға зақым келеді. Аборт жасатуға бел буған әйел өзінің денсаулығын қатерге тігеді. Аборт жасатқаннан кейін балалы болудың өзі өте сирек

Жүктілік кезінде жасауға болмайтын әрекеттер

Жүкті әйелдер қалыпты жағдайдағыдан өзгеше күтім мен сақтықты қажет етеді. Сақ болуы тиіс әрекеттерге көңіл бөлгені жөн. Олай етпесе, құрсақтағы сәбиге зиян келуі әбден мүмкін. Сіздердің назарларыңызға жүкті әйелдердің жасауларына болмайтын іс-әрекеттерді ұсынамыз.

Кіндік шеше. Кіндікті еркектер кескен бе?

Кіндік шеше — сәби шырылдап дүние есігін ашқанда оның кіндігін кесетін әйел адам. Қазақ халқы ертеде кіндік кесуге қатты мән берген. Кез-келген әйелге кіндік кестірмеген. Халық «Бала кіндігін кескен әйелге ұқсап өседі» деген түсінік болған. Сол себептен де кіндікті кесетін әйел сыйлы, құрметті, ақылды және бала тәрбиелеп өсірген тәжірибелі әйел болған. Бір қызығы, енелер келіндерінің жүктілігі …

Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас

— Жүктілік кезінде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма? — Әрине, болады, болғанда қандай! Жыныстық қатынас еркек үшін де, әйел үшін де табиғи тұрақтылықты сақтаудың тиімді жолы болып саналады емес пе?! Бірақ ескеруге тиісті бірнеше жағдайлар бар. Аяғы ауыр әйелдің ағзасында көптеген өзгерістер болады. Солардың бірі — жыныстық қатынасқа байланысты сезімдер. Қалыпты жағдайдағы жыныстық қатынас пен жүктілік …

Ана терісінің қыс мезгіліндегі күтімі

Қыстың күндері дала суық болғанымен таза ауада тыныстап, күн сәулесіне бір сәт болса да шығу ана мен бала үшін өте маңызды жағдай. Әсіресе, жас сәбидің сүйектерінің дұрыс дамуы үшін күн сәулесінің атқарар қызметі өте зор… Ауа температурасы нөлден төмен болғандықтан теріге біраз күш түседі. Сондықтан тері жазғы уақытқа қарағанда біраз көңіл бөлуді қажет етеді.

Жүкті әйелдердің емшек күтімі

Адамзат баласы ер мен әйел болып жаратылғалы екеуінен өрбитін ұрпақтың болатыны аян. Әйел адам баланы тоғыз ай бойы құрсағында көтеріп, дүниеге әкеледі. Жүктілік кезінде әйелдің емшектері толысып, дөңгелек пішінге ене бастайды. Бұл ері мен әйелінің қуанышы десек те болар. Өйткені әйелдің

Яндекс.Метрика