Сүзбелі қарақаттан көже дайындау

Құрамы:
100 грамм қара қарақат, 2 кесе су, 2 ас қасық қант, шай қасықтың 1/2 бөлігіндей крахмал, үзбе үшін – 100 грамм сүзбе, 1 жұмыртқа, 2 шай қасық қант, 1 ас қасық бидай ұны.

Дайындау процессі:
Жақсылап іріктілген қара қарақат жуылады. Ағаш қасықпен әбден езіліп, сөлі алынады. Сығынды кастрюльге салынып, үстіне ыстық су құйылады. Қайнатылып, сүзіледі. Нәр суы қайта қайнатылады. Қант және салқын суға езілген крахмал қосылады. Содан соң аздап тағы қайнатылады. Оттан түсірілген соң манағы алынған сөл құйылып салқындатылады. Үгілген сүзбеге жұмыртқа, қант, ұн қосылып, араластырылады. Аспаз қолын ылғалдап алып, осы массадан үзбе дайындап, тұзды суға салып асады. Үзбелер су бетіне қалқып шыққанда кепсермен сүзіп алынады. Содан кейін суытылады.
Дастарқанға әкелерде әлгі сүзбе үзбелер ыдысқа салынып, үстіне көже құйылады.

Яндекс.Метрика